2-сабақ. СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА



Сабақта:
1. Батыс Еуропа классикалық музыкасының негізгі даму кезеңдерімен және оның көрнекті өкілдерімен танысамыз;
2. Музыкалық терминдермен танысамыз;
3. В.А. Моцарттың № 40 симфониясын тыңдаймыз;
4. Қазақтың халық әні «Ақ дариғаны» үйренеміз;
5. Қ. Мусиннің «Жайлауда» симфониялық поэмасымен танысамыз.


Симфониялық музыка — симфониялық оркестрде орындауға арналған күрделі музыкалық шығарма. Симфониялық музыканың негізгі жанрлары: симфонияувертюраконцерт
сюитасимфониялық поэмафантазия, т. б. Классикалық музыканың негізгі даму кезеңдері — музыкалық классицизм (1750–1820), романтизм (1800–1910), импрессионизм.
Өзіне дейінгі кезеңдердің жетістіктерін дамытқан ХХ ғасырдағы симфониялық музыкада мазмұн мен құрылым жаңарды.
ХVІІІ ғасырда симфониялық оркестрдің классикалық түрінің қалыптасуына байланысты симфониялық музыка кеңінен дамыды. Оның негізін қалаған композиторлар — 
Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей МоцартЛюдвиг ван Бетховен. Олар — Вена классикалық мектебінің өкілдері. Олардың шығармашылығында симфонияның классикалық (төрт бөлімді) үлгісі, сондай-ақ концерт (үш бөлімді), увертюра (бір бөлімді), т. б. туындылар қалыптасты. Классикалық өнер сезім мен ақыл, пішін жəне мазмұн арасындағы нəзік теңгерімді ерекшелеп, адамның əрекеттері мен сезімдерін, ақыл-ой даналығын алға тартты. Соната формасы осы кезеңнің көптеген шығармаларында басымдыққа ие болды. Соната формасында екі тақырыптың күресі, талас-тартысы болады.
Музыкадағы романтизм бағыты 1820 жылдары қалыптаса бастады.
Музыкадағы романтизм адамның ішкі жан дүниесіне үңілу қасиеттерін бойына сіңіре отырып дамыды. Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. 
Романтизм дәуіріндегі музыканттар Н. ПаганиниФ. ШопенФ. ЛистР. ШуманГ. БерлиозР. ВагнерП. Чайковский асқан орындау шеберлігі арқасында өз елінің ұлттық музыка дәстүрін танытты. Романтикалық музыка өзінен кейінгі импрессионизм дәуірі үшін құнды қазына болды.
Импрессионизм («impression» — əсер) — ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өнерде пайда болған ағым. Негізінен суреткердің өмірден алған өткінші əсері мен сəттік көңіл күйіне құрылады. Бейнелеу өнерінде импрессионизмнің жекелеген белгілері 1860 жылдары француз суретшілерінің (Э. Мане, О. Ренуар, Э. Дега) еңбектерінде көріне бастады. Музыкадағы импрессионизмнің негізін салушы Клод Дебюрси өз шығармашылығында музыканың бейнелеу тәсілдеріне ерекше көңіл бөлді. Ол музыканың гармониялық және тембрлік бояуларын, оркестрлік техникасын байытты. 
Морис Равель (Франция) мен Мануэль де Фалья (Испания) музыкалық импрессионизмнің шеберлері еді. Симфонияның 1-бөлімі Сонаталық аллегро құрылымында жазылған үш тараудан тұрады (экспозиция, өрбітуші тарауы және реприза).
Экспозиция төрт тақырыпқа негізделеді — басты (главная), байланыстырушы (связующая), қосалқы (побочная) және қорытындылаушы (заключительная). Әр тақырып өз мінездемесімен ерекшеленеді.
Басты тақырып — екпінді, қарқынды, буырқанған мінезді. Байланыстырушы тақырып — жүрдек екпінді. Қосалқы тақырып нәзік, лирикаға толы сезімдерді жеткізеді.
Қорытындылаушы тақырып — орындалған сарындарды бекітіп, жаңа үндестілікті орнықтырады.
Өрбітуші тарауы басты тақырыпты дамытады.
Реприза — экспозиция тақырыптарын басқа үндестілікте қайталап, оған драмалық леп қосады.







АҚ ДАРИҒА
Халық әні

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр,
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.
Хай ли-ли, хай ли-ли, хай ли-ли-ляй
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.
Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған.
Жүрмісің есен-аман, беу, қарағым,
Көзіңнен айналайын жайнақтаған.

Ән мәтінін мәнерлеп оқы.
«Тізбекпен» айтамыз. Төрт топқа бөлінеміз. Бір топ әннің бір тармағын айтып, екінші топқа кезек береді. Ал «Ақ дариға, ілдіргелі-ай», «Ақ дариға, жайнақтаған-ай» деген жолдарын сынып оқушылары бірге орындауы қажет.
 




Төмендегі пікір жазу модулінде:
1. Симфониялық оркестрдің басқа оркестрлерден айырмашылығы туралы өз түсінігіңді жаз.
2. Симфония жанрын сараптау туралы біліміңді қолданып, «Жайлауда» симфониялық поэмасының негізгі және қосалқы тақырыбын анықта.
3. Өнердегі стильдерді хронологиялық тәртіппен жинақта.
4. «Симфония» тақырыбына синквейн жаз.

Тест сұрақтары:

Симфониялық музыканың негізгі жанрларын ата
Қай ғасырда симфониялық оркестрдің классикалық түрі қалыптасты
Моцарттың туылған жылы?
Танымал қазақ композиторы Қапан Мусиннің туылған жылы
В.А.Моцарттың 40-симфониясының басында қандай аспаппен орындайды?

Пікірлер 1

Жауап пікірлер қосу

Сіздің тапсырмаға жауап пікірлеріңіз

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив