Сабақта:
1. Қазақ халқының кәсіби күйшілік өнерімен танысамыз;

2. Дәстүрлі күйшілік мектептер жөнінде білеміз;
3. Музыкалық терминдерді түсініп, үйренеміз;
4. Тәттімбет және Құрманғазының күйлерін тыңдаймыз;
5. Төкпе және шертпе күйге салыстырмалы талдаулар жасаймыз;
6. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Қазақ халқының кәсіби музыкасының негізі ертеректе қалыптасқан. Әсіресе ХІХ ғасыр қазақ халқының өнерінде «алтын ғасыр» деп аталады. Құрманғазы, Тәттімбет,
Қазанғап, Сүгір, Дина сынды дәулескер күйшілер осы ғасырда туып, қазақ өнерінің аспаптық музыка саласын дамытқан. Қазақ даласында ғасырлар бойы аймақтық, орындаушылық ерекшеліктеріне, тағы да басқа сипаттарына байланысты жеті түрлі күйшілік дәстүрлер мен мектептер қалыптасқан және олар сол аймақтардың, өңірлердің атымен аталады. Олар: Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Батыс және Маңғыстау күйшілік дәстүрлері.
Күйлер, негізінен, үш аспапта – домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Соның ішінде, дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең таралған саласы – домбыра күйлері. Сонымен қатар домбырада күй тартудың негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Шығыс Қазақстандық шертпе күй дәстүрі және Батыс Қазақстандық төкпе күй дәстүрі. Шертпе күйшілік дәстүр Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу өңірлеріне тән (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары). Төкпе күйшілік дәстүр Батыс, Сыр бойы, Маңғыстау аймақтарында қалыптасқан (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстары). Күй жанры ХІХ ғасырда өз дамуының шырқау шыңына көтерілген. «Жалпы, музыка атаулы нәрсе елдің ішкі сезім байлығын білдіретін болса, соның ішінде ең толғаулысы, ең сырлысы – күй», – деп заңғар жазушы М. Әуезов айтқандай, күй – халқымыздың музыкалық қазынасының ең бір мол саласы.

Төкпе күй домбырасы

Шертпе күй домбырасы
1. Тәттімбеттің «Саржайлау» және Құрманғазының «Балбырауын» күйлерінен үзінді тыңдаңдар.
Төмендегі пікір жазу модулінде:
2. Орындаушылық мәнері мен әуендік ерекшеліктерін салыстырыңдар және өз пікірлеріңді жазыңдар.
3. Күйдің қай нұсқасы ұнайды және не себепті?
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815–1862)ҚОСБАСАР
Асықпай, толғана Тәттімбет
Асықпай, толғана Тәттімбет

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818/1823–1889/1896)АМАН БОЛ, ШЕШЕМ, АМАН БОЛ
Орташа, сөйлете Құрманғазы
[
Төмендегі тестілеу модулінде:
1. Құрманғазының ұстазы кім болған?Төмендегі пікір жазу модулінде:
1. Шертпе күйдің орындаушылық ерекшелігі қандай? (пікіріңізді қалдырыңыз)
2. Төкпе күйдің орындаушылық ерекшелігі қандай? (пікіріңізді қалдырыңыз)
3. Тәттімбет күйлерін тыңда және олардың шығу тарихын біліңіз. (пікіріңізді қалдырыңыз)
5. Шертпе күйшілер жөнінде слайд жасаңыз. (пікір жазу модуліне жүктеңіз)