12-сабақ. ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫҚ ЖАНРЛАР (СТИЛЬДЕР)


Сабақта:
1. Музыканың заманауи стильдерімен (рок-н-ролл, рок-музыка, хип-хоп) және оның түрлерімен (электронды) танысамыз;
2. Әйгілі орындаушылар мен топтар туралы білеміз;
3. Заманауи стильде жазылған музыканы тыңдаймыз.



Рок-н-ролл (ағылшынша – rock and roll немесе rock ‘n’ roll – «тербел және сырғана») – ХХ ғасырдың ортасында Америка Құрама Штаттарында таралған танымал музыканың стилі болып табылады. Рок-н-роллдың ерекшелігі – айқын ырғақ пен ашық еркін орындау.
Дәстүрлі аспаптары – 
электр гитарасыконтрабасұрмалы аспаптарфортепиано және саксофон. Рок-н-роллға 4/4 өлшемі тән. Рок-н-роллдың көрнекті өкілі – Элвис Пресли. Оны «рок-н-ролл патшасы» деп атайды. Оның шығармашылығы бүкіл әлем жастарына зор әсер етті. 
1960 жылдардың басында рок-н-ролл 
твист музыкалық бағытының қалыптасуына негіз болды. 60-жылдары британдық The Beatles және The Rolling Stones топтары рок-н-роллға жаңа серпіліс әкелді. Содан кейін жалпы «рок» термині қолданыла бастады.
Рок-музыка (ағылшынша – rock music) – танымал музыканың бағыты. Рок-музыкада көптеген стильдік тармақтар бар. Рок-музыканы вокал, гитара (әдетте электрогитара), бас гитара, барабан және клавишті аспапта орындаушылардан тұратын рок-топ орындайды. Рок музыкасының ерекшелігі – өзгермейтін ырғақ. Электрлік гитара жетекші аспап болып табылады. Сондай-ақ көптеген рок-топтарда соло вокалист бар.
«The Beatles» тобының құрылған сәтінен бастап рок тарихының жаңа кезеңі басталды. «Битлз» әлемдік музыкада түбегейлі жаңа құбылыс ретінде із қалдырды. Әсіресе рок-музыкада олар ерекше музыкалық өнімділікті және түбегейлі жаңа имиджді (тек автор-орындаушы және топ емес, төрт жарқын тұлғалар) біріктірді. Бұл топтың әр мүшесі хит жазуға қабілетті болды. The Beatles-дің бүкіл әлемге әйгілі болуы сол уақытта «битломания» деп аталатын бұрын-соңды болмаған құбылысты тудырды. 


Электрондық музыка. Музыканың бұл түрі электронды технологиялар мен құралдар, атап айтқанда, арнайы компьютерлік бағдарламалармен синтезаторлар арқылы шығарылған туындыларды біріктіреді. Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты және көптеген жанрлардан тұрады.
Хип-хоп – 1974 жылы АҚШ-та афроамерикалық ортада пайда болған стиль. Жанрдың негізі екі элемент – рэп (нақты ұйқастырылған ырғақтық речитатив) және DJ ұсынған ырғақ (негізінен бас және синтезатор аспаптарында). Хип-хоп, жоғарыда аталған стильдер сияқты, көптеген жанрлық тармақтарға ие. Заманауи көпшілік музыкада осы стильдер өте танымал. Бұл – қазіргі кезеңдегі композиторлар мен музыканттар өз шығармаларын жазған кезде басшылыққа алатын негізгі ұстаным.


1. Элвис Пресли – «Blue Suede Shoes» және The Beatles – «Let It Ве», «Yesterday» – The Beatles, Пласидо Доминго және Рэй Чарльздің орындауында әндерді тыңда.
- Әннің аудио және видео нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз. 

2. Орындау ерекшеліктерін салыстырыңыз. Кімнің орындауы ұнады, саулнама модулінде көрсетіңіз?


1. КСРО-дағы ең танымал твистер:

«Лучший город Земли», орындаған – Мүсілім Магомаев
- Әннің аудио және видео нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз.

«Песенка о медведях», орындаған – Аида Ведищева;
- Әннің аудио және видео нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз. 


«Черный кот», орындаған – Тамара Миансарова;
- Әннің аудио және видео нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз.

«Ты мне вчера сказала», орындаған – Полад Бюльбюльоглы;
- Әннің аудио және видео нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз.


2. А. Бабаджанян, Ю. Саульский немесе П. Бюльбюль-оглы туралы мағлұматтарды жинастырып, біреуінің шығармашылығы жайында баяндама немесе таныстырылым жаса (әңгімелеу, слайд-шоу), оны төмендегі пікір қалдыру модуліне жүктеңіз.

Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз:

Тест сұрақтары:

Электрондық технологиялар және құралдардың көмегімен шығарылған музыка қалай аталады?
АҚШ-та афроамерикалық ортада Хип-хоп стилі қай жылы пайда болған?
Элвис Преслидің туған жылы?
Рок музыкасының жетекші аспабы?
"Рок-н-ролл" ұғымын ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?
"Рок-музыка" ұғымын ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?
Музыка саласында "Твист" дегеніміз нені білдіреді?
Музыка саласында "Твист" дегеніміз нені білдіреді?
"Рок-музыка" ұғымын ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?

Кімнін орындауы ұнады?

Жауап пікірлер қосу

Сіздің тапсырмаға жауап пікірлеріңіз

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив