Сабақта:
1. Эстрадалық музыкамен танысамыз;
2. Поп-музыка, француз шансоны және рок-музыка ерекшеліктерін білеміз;
3. Музыкалық терминдерді түсінуді үйренеміз;
4. Эстрадалық музыка үлгілерін тыңдаймыз;
5. Тыңдалған шығармаларға салыстырмалы талдау жасаймыз;
6. Л. Марченконың «Я учу английский» әнін үйренеміз;
7. Поп және рок музыканың танымал орындаушыларымен танысамыз.

Эстрадалық музыка – сахна өнерінің концерттік-сауықтық түрі. Ол кең аудиторияға арналған. Әсіресе, XX ғасырда музыкалық өнердің осы түрі кең ауқымда дами түсті. Эстрадалық әндер тек қана ойын-сауыққа құрылмаған. Мәселен, эстрадада азаматтық әндер, патриоттық, бейбітшілік үшін күрес және тағы басқа тақырыптардағы әндер баршылық. Мысалы, И.О. Дунаевский, В.П. Соловьев-Седой, М.И. Блантер, А.Н. Пахмутова, Д.Ф. Тухманов және басқа да композиторлардың әндері де кеңінен танымал. М. Матусовскийдің өлеңіне жазылған В.П. Соловьев-Седойдың «Подмосковные вечера» әні бүкіл әлемге белгілі. Композитор Дмитрий Борисович Кабалевский «Подмосковные вечера» әні жөнінде: «Бұл ән бізге танымал, ерекше интонациялардан құрылған және бұл – композитордың өте сәтті туындысы. Сонымен қатар композитор бұл әнде өз заманының үнін дәл тауып, ести білген», – дейді.
1. «Подмосковные вечера» әнін әртүрлі тілдерде тыңдаңдар: жапон тілінде – BONY JACKS, француз тілінде – Мирей Матье, орыс тілінде – Дмитрий Хворостовский және Анна Нетребко орындауларында.
2. Әртүрлі орындауларды салыстырып, өз ойыңды айт.
3. «Подмосковные вечера» әні не себепті әлемдегі көптеген адамдардың жүрегінен орын алды?
4. Әннің тақырыбына синквейн құрастыр.
Сонымен қатар эстрада өнерінде поп-музыка жеке жанр (бағыт) болып табылады. Ағылшын тілінен аударғанда pop-music, popular music – танымал музыка дегенді білдіреді. Америкада эстрада джазбен тығыз байланысты болды (мысалы, Фрэнк Синатраның шығармашылығы). АҚШ-тың поп-музыкалық сахнасының маңызды бөлігі соул жанрын орындаушылардан тұрады (Джон Уолтер, Уитни Хьюстон, Рей Чарльз). Америкалық ең танымал поп бағытындағы әншілер – Мадонна, Бритни Спирс, Шер, Тина Тернер, Мэрайи Кэри, Кристина Агилера, Рианна, Селена Гомез және басқалар. Француздардың сахнасында поп музыканың барлық бағыттары бар. Ерекше ұлттық жанры – француз шансоны болып табылады. Заманауи музыка мәдениетінде шансон деп атақты француз музыкасын атайды, ол француз тілінің ерекше ритмикасын сақтайды және ағылшын тілінің ықпалымен жазылған әндерден ерекшеленеді.
Шансонның жұлдыздары – Джордж Брассенс, Эдит Пиаф, Джо Дассен, Жак Брель, Шарль Азнавур, Мирей Матьё, Патрисия Каас, т.б. Француз шансондарының орындаушыларын әдетте шансонье деп атайды. 1970 жылы «Диско» стилі пайда болды. ABBA, Boney M, Bee Gees және басқа да топтар шықты. Бүгінгі таңдағы эстрадалық музыка қатарына заманауи рок-музыканы да жатқызуға болады. Рок музыканың басты ерекшелігі – жеке және ансамбльдік орындаушылықты (топ) қолдану болып табылады. Мәтінде өзіндік мазмұн болады. Ансамбль мүшелері немесе топтар аспапшылар мен әншілердің функциясына көп қосыла бермейді. Рок-музыка джаз музыкасынан ырғақтық құрылым, дыбыстау мәнері жағынан ерекшеленеді. Ресейде рок-музыка элементтері вокалды-аспаптық ансамбльдер шығармашылығында көрініс тапты.

Я УЧУ АНГЛИЙСКИЙ
Әні мен өлеңін жазған – Л. Марченко
Әні мен өлеңін жазған – Л. Марченко
1. Әнді тыңда.
2. Мәтінді мәнерлеп оқы.
3. Әннің ырғағын алақанмен соғып көрсет.
1. Майкл Джозеф Джексонның «We Are The World» әнін аудио форматта тыңдаңыздар, видео форматта тамашалаңыздар.
2. Әннің мәтінін орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқыңыздар.
3. Әннің негізгі айтар ойы қандай және Майкл Джексон жөнінде ақпарат жинақтап шағын ауызша, жазбаша мәлімет құрастырып (әңгіме, таныстырылым) төмендегі пікір жазу модуліне жүктеңдер.
Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіздер: