22-сабақ. МУЗЫКА ЖӘНЕ ТЕАТР

Сабақта:
1. Музыканың театр қойылымдарындағы рөлімен танысасың;
2. Театр қойылымдарына музыка жазған композиторлар туралы біле аласың;
3. Театр қойылымдарына жазылып, классикалық үлгіге айналған шығармалармен танысасың;
4. «Музыканттар» атты ағылшын ұлттық әнін үйренеміз.

Драма театрындағы қойылымдарға арналған музыка өнердің басқа түрлерімен бірге сахналық көрініске белсенді түрде қатысады. Театр музыкасы өте маңызды драмалық фактор болып табылады. Оның семантикалық жəне қалыптастырушы маңызы өте зор. Театрдағы музыка:
а) қойылымның эмоционалдық атмосферасын қалыптастырады;
ә) оның басты идеясына ерекше көңіл бөледі;
б) əрекет уақытын жəне орнын нақтылайды;
в) кейіпкерлерді сипаттайды.
Сонымен қатар спектакльдің қарқыны мен ырғағына əсер етеді, шиеленіске назар аударады, лейтмотив арқылы спектакльді біртұтас етеді. Драма театрында музыка екі негізгі рөл атқарады: сахнадағы іс-әрекетті үйлестіреді немесе онымен қарама-қайшылықта (контраст) болады. Музыка қойылымнан тыс (увертюра – кіріспе, антракт – үзіліс кезінде) немесе қойылым ішінде болады. Драмалық спектакль үшін композитор арнайы музыка жазады, кейде спектакльге музыкалық үзінділер бұрыннан бар туындылардан таңдалып, құрастырылады. Əлемге əйгілі композиторлар – 
Людвиг ван Бетховеннің «Эгмонт» (И. Гёте) трагедиясына, Феликс Мендельсонның «Жазғы түнгі түс» (У. Шекспир) комедиясына, Арам Хачатурянның «Маскарад» (М. Лермонтов) драмасына, Қазақ драма театры спектакльдеріне Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Мұқан ТөлебаевЕркеғали РахмадиевСыдық МұхамеджановҒазиза ЖұбановаНұрғиса ТілендиевСейдолла БəйтерековБейбіт ДəлденбаевАқтоты Райымқұлова, т.б. композиторлар музыка жазды.



Михаил Лермонтовтың «Маскарад» атты музыкалық драмасына жазылған Арам Хачатурянның «Вальс» туындысын тыңда.

Арам Ильич Хачатурян (1903–1978)



1. Музыкалық шығарманы төмендегі спойлерге басып тыңдаңыз.
2. Вальс әуеніне сипаттама бер (екпіні, сипаты, ырғағы, бояуы, т.б.), пікір жазу модулінде бөлісіңіз.
3. Вальстің ортаңғы бөлімінде музыка қалай өзгереді? Пікір жазу модулінде бөлісіңіз.
4. Вальстен үзіндіні қайта тыңдап, ырғағын шулы аспаппен көрсетіңіз.
5. «Вальс» тақырыбында синквейн құрастырыңыз.

МУЗЫКАНТТАР
Ағылшын әні

Пусть будет вьюга, будет гром,
Но музыкантам, но музыкантам,
Но музыкантам – все ни почем!

1. Мұғалімнің орындауында канонның әуенін тыңда.
2. Канонның қадамын анықта (екінші дауысқа түсу).
3. Мимикалық канонға ойын ойластыр.

1. Драмалық спектакльде музыканың негізгі функциялары туралы пікір жазу модулінде бөлісіңіз.
2. Қалай ойлайсың, театр өнері мен музыка өнерінің басты құралдары нелер? Пікір жазу модулінде бөлісіңіз.

Тест сұрақтары:

«Антракт» сөзіне анықтама бер.
Драмалық спектакльдерге музыка жазған қазақстандық композиторларды ата.
«Увертюра» сөзіне анықтама бер
Арам Ильич Хачатурян неше симфония авторы
Арам Ильич Хачатурян Лермонтовтың "Маскарад" атты драмасына жасаған туынды атауы
Арам Ильич Хачатурян, Лермонтовтың "Маскарад" атты драмасына жасаған туындысының негізгі әуенін қандай аспап орындайды?
Арам Ильич Хачатурян, Лермонтовтың "Маскарад" атты драмасына жасаған туындысының негізгі әуенін қандай аспап орындайды?
Жауап пікірлер қосу

Сіздің тапсырмаға жауап пікірлеріңіз

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив