7-сабақ. ЖОБАНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ

Сабақта:
1. Жобаның тақырыбын анықтау;
2. Жобаның жұмыс жоспарын құрып үйрену;
3. Ақпаратты іздеп үйрену;
4. Жобаны жүзеге асыруды үйрену;
5. Топта жұмыс жасап үйрену.

Тапсырма:
1. Бірнеше топқа бөлініп, өтілген тақырыптарға сай ұсынылатын жобаларды таңдаңдар: «Орган музыкасы», «Симфониялық музыка», «Опера және балет өнері», «Қазақтың ауызекі кәсіби музыкасы», «Қазақтың жазбаша кәсіби академиялық музыкасы».
а) Жобаның мақсатын анықтау.
ә) Жоба тақырыбына сәйкес әртүрлі деректерден ақпарат іздеңдер.
б) Жобаның жұмыс жоспарын құрыңдар.
в) Топта жоба тақырыбын талқылаңдар.
2. Тоқсан бойы үйренген бір әнге интерпретация жасау.
3. «Біздің сыныптағы бір күн» тақырыбына шағын сахналық-музыкалық қойылым дайындау.
Үлгі:
Жоба тақырыбы: «Орган музыкасы» (1-нұсқа)
Жоба мақсаты: органға арналған шығармалармен танысу.
Міндеттері:
- орган шығармалары жайында материалдар табу;
- орган шығармалары жайында слайд дайындау;
- орган музыкасы жайында баяндамаға дайындалу.
Жұмыс нәтижелері:
- орган музыкасы бойынша шығарма тыңдатып әрі тұсаукесер дайындау.
Жоба тақырыбы: «Орган музыкасы» (2-нұсқа)
Жоба мақсаты: әртүрлі елдерде бар ең әсем органдармен таныстыру.
Міндеттері:
- орган жайында материалдар табу;
- ең әсем органдарды бейнелеген слайдтарды дайындау;
- әлем шіркеулеріндегі органдарды бейнелеген слайдтармен баяндама жасап дайындалу.
Жұмыс нәтижелері:
- алуан түрлі органдарды көрсететін тұсаукесер дайындап, шығармаларды тыңдату.
Жоба тақырыбы: «Симфониялық музыка»
Жоба мақсаты: Вена классиктерінің симфонияларымен (Гайдн, Моцарт, Бетховен) таныстыру.
Міндеттері:
- аталған авторлардың біреуінің симфониялары жайында мәлімет табу;
- симфония жайында шағын әңгіме дайындау;
- музыкалық материал (симфониялардан үзінді) дайындау.
Жұмыс нәтижелері:
- симфония музыкасынан үзінділер және ол шығармалар туралы әңгіме дайындау.
Жоба тақырыбы: «Балет және опера өнері»
Жоба мақсаты: опера (балет) шығармаларымен танысу
Міндеттері:
- опера (балет) жайында мәлімет табу;
- опера (балет) туралы тұсаукесер дайындау;
- музыкалық материал (опералар мен балеттерден үзінді) дайындау.
Жұмыс нәтижелері:
- опералық (балет) музыканың үздік шығармаларын тыңдау әрі тұсаукесер дайындау.
Толығымен