нұсқаулық

Музыка 6-сынып электрондық оқулығының платформасын 
пайдалану жөніндегі нұсқаулық

1. Сілтеме бойынша сайтын ашамыз (сайтты кез келген құрылғыдан: дербес компьютерден, ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан ашуға болады. Қосымша бағдарламалар жүктеу қажет емес. Тіркеусіз кіруге рұқсат етілген).
2. Пайдалану тілін (қазақша, орысша) таңдаймыз.
3. Басты беттен «сол бұрыштағы үш көлденең сызққа басамыз» мәзір бөліміне өтеміз.
4. Сіздер платформада орналастырылған мазмұндамада, 1˗4˗тоқсан сабақтарын көресіз.

5. Беттің сол жақ бөлігінде сабақтар, іздеу функциясы орналасқан. Сіз осы функция арқылы қажетті сабақты таңдайсыз.
6. Мазмұндамада немесе сол жақ беттегі мәзірге басамыз. Сізге оқулықтың параграфтарға бөлінген мазмұны ашылады.
7. Параграфты оқу үшін оның үстіне басасыз.

8. Әрбір сабақ көптеген аудио - видео файлдары және интерактивті тапсырмалар материалдарды қамтитынына назар аударыңыз. Сондықтан олармен тек онлайн режимде жұмыс жасау ұсынылады.
9.Электрондық оқулықты көшіріп алуға болмайды.
10. Әрбір сабақта өзін˗өзі тексеруге арналған тапсырмалар қамтылған. Оқушыға жолды қажетті деректермен толтыру ұсынылады, жүйе жауаптың дұрыстығын автоматты түрде тексереді.

11. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: «тіркеусіз» режимінде «сақтау» батырмасы белсенді емес.
12. Әр тапсырманың соңында орналасқан «Тағы да осы тақырып бойынша» деген жазуға назар аударыңыз. Осы функцияның көмегімен оқушы басқа сабақтарда берілген тақырып бойынша өз бетімен көбірек білім ала алады.