1-сабақ. ОРГАН МУЗЫКАСЫ



Сабақта:
1. Орган аспабымен және оның құрылымымен танысамыз;
2. Орган аспабына шығарма жазған композиторлармен танысамыз;
3. Музыкалық терминдермен танысамыз;
4. Әр кезеңдегі орган шығармаларын тыңдаймыз;
5. Тыңдалған шығармаларды салыстырып, талдаймыз;
6. «Маңмаңгер» әнін әртүрлі нұсқада тыңдап, талдаймыз. Әнді үйренеміз;
7. Танымал қазақстандық органшы туралы білеміз.
Классикалық музыка дегеніміз — музыкалық өнердегі әртүрлі жанрлардың ең үздік қасиеттерін өз бойына жинаған көркемдік деңгейі биік дүние. 
Классикалық музыка (лат. classicus — «үлгілі») ұғымын көбіне классицизм кезеңіндегі, одан кейінгі Ағарту дәуіріндегі жазылған музыкамен байланыстырады. Әсіресе Еуропаның дәстүрлі музыкалық өнерінің туындыларымен.
Егер де классикалық музыка деп Еуропадан басқа жерге қатысты қолданса — бұл түсінік қазіргі заман музыкасынан тыс, ертеден келе жатқан дәстүрлі музыканы айқындайды. Мысалы, 
қазақ халық музыкасыклассикалық араб музыкасы, классикалық түрік музыкасы, классикалық қытай музыкасы т.б.
Классикалық музыка жауһарларына — академиялық музыканың және қазақ халқының кәсіби дәстүрлі музыкасының үздік туындылары жатады. Академиялық музыкада операсимфонияоратория
соната, прелюдия, сюита, увертюра және тағы басқа жанрлар мен құрылымдар негізіне сүйенеді. Қазақ халқының классикалық музыкасы деп күйшіәнші-жыршы композиторлардың інжу-маржан туындыларын айтамыз. Мысалы сондай інжу-маржан туындылардың бірі Ақан серінің "Маңмаңгер" әні
  

 МАҢМАҢГЕР

Ақан сері


Маңмаңгер кекілің күлте, жалың майда,
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.


Қайырмасы:
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.

Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып,
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме.

Қайырмасы:
Маңмаңгер, кекілің күлте, жалың майда,
Бал татыр қант қосса қағаз шайға.
Кісіден анау-мынау жалтару жоқ,
Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем қайда.

Қайырмасы:
 
Сөзі: Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913)
Әні: Ақан сері
Орындаған: Ерлан Рысқали

  1. Тестілеу модулінде: осы әнде Ақан серi өз сәйгүлігін қалай бейнелегенін көрсетіңіз.

Оргáн [грек. organon (органон) — құрал, аспап] — үрмелі-клавишті музыкалық аспап. Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Мысыр, Византия елдерінде пайда болды. VII ғасырдан бастап Еуропада, көбінесе шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланылды. Кейінгі ғасырларда  басқа да елдерде тарайды. Органның дыбыс тембрі ерекше жəне түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы əртүрлі түтіктері болады.
Əр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. 
Ал көптеген түтіктер жоғарғы немесе төменгі бір регистр құрайды. Əрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыка аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. Органда 1–7 мануал (əрқайсысында 72 клавиш), аяқпен басатын педалі болады. Органға арналған ноталар скрипка мен 
фортепианоға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады.
Органға арнап  И.С. БахФ. МендельсонИ. БрамсЛ. БетховенД. Шостакович, т.б. композиторлар музыка жазған.
XV ғасырдан бастап орган Ресейде кеңінен таралды. Қазақстан бойынша орган: 
4) Көкшетау қаласында орнатылған.



Иоганн Себастьян Бах
Барокко дегеніміз не?
Музыкадағы барокко (итальянша barokko — астарлы, əдеттен тыс) 1600–1750 жылдардың арасында Еуропада кең тараған өнер стилі.
Ол əсіресе Италияда, Испанияда, Германияда, Францияда кең таралған. Барокконың əлеуметтік негізі — шіркеудің жəне сол уақыттағы ақсүйектік қоғамның құдіретін дəріптеу.
Барокко кезеңінің композиторлары жəне орындаушылары музыкалық классиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Сол уақыттағы шығармалар қазіргі заманда кеңінен орындалады. Олар — Иоганн Себастьян Бахтың фугалары, Георг Фридрих Гендельдің «Мессия» ораториясынан «Аллилуйя» хоры, Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» концерттері.
Музыкалық жанрлардың ауқымы кеңейіп, музыкалық шығармалардың күрделілігі арта түсті.
И. С. Бахтың ре минорлы «Токката мен фугасының» 
бейнежазбасын қарап, 
оны Ф.Мендельсонның «Пассакалиясымен» салыстыр. 

Төмендегі тестілеу модулінде:
  1. Органда қанша мануал барын анықта.
  2. «Музыкалық барокко» ұғымына анықтама бер.
Төмендегі пікір жазу модулінде:
  1. Тыңдалған шығармалардың көркем 
    бейнесіне мінездеме бер.
  2. «Орган», «Пассакалия» тақырыбына синквейн жаса.




Ғабит Несіпбаев Төлеутайұлы


Ғабит Несіпбаев Төлеутайұлы туралы




Толығымен