3-сабақ. ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ӨНЕРІ
Сабақта:
1. Опера және балет өнерімен танысу;
2. Опера мен балет шығармаларын жазған композиторларды білу;
3. Музыкалық терминдерді түсіне білу;
4. Опера мен балет шығармаларынан үзінді тыңдау;
5. Қазақ операсы мен балеті туралы дерек алу;
6. «Біржан–Сара» операсынан хор үйренеміз.

Опера – музыканың ең бай жəне күрделі жанры болып саналады. Операда поэзия жəне драмалық өнер, вокалдық жəне аспаптық музыка, би, кескіндеме, сахна суреттері жəне сахналық киімдер тұтастық құрайды. Операдағы музыка уақиғаның басты қозғаушы күші болып табылады. Жеке әнші орындайтын күрделі, кең тынысты ария, ариозо, каватина және
речитатив (речитатив – тар көлемді əуенге негізделген, сөйлеу мәнеріне жақын сарын), топпен орындалатын: дуэт (екі адам), трио (үш адам), квартет (төрт адам), квинтет (бес адам), яғни ансамбльдер, хор көріністері, билер, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың алуан түрлерін құрайды. Опера жеке жанр болып ХVI–XVII ғасырлар аралығында қалыптасты. Опера жанрының XVIII–XIX ғасырлардағы Батыс Еуропадағы көрнекті өкілдері: К.В. Глюк (Австрия); В.А. Моцарт (Австрия), Дж. Верди (Италия), Р. Вагнер (Германия), т.б. ХІХ ғасырдағы орыс операсының негізін салушы М.И. Глинканың жолын М.П. Мусоргский, П.И. Чайковский, Н.А. Римский-Корсаков, А.П. Бородин дамытты. Орыс композиторларының операсына халықтық сипаттағы реализм тән. Қазақстанда опера жанры ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастау алады. 1934 жылы Е.Г. Брусиловский операның алғашқы орындаушылары Күләш Байсейітова, Канабек Байсейітов, Ғарифолла Құрманғалиев, Құрманбек Жандарбековпен бірлесе, əн-күй байлығын негіз еткен қазақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібекті» сахна төріне шығарды.

Күләш және Қанабек Байсейітовтер
Кейінгі жылдары А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (1944), М. Төлебаевтың «Біржан–Сара» (1946), С. Мұхамеджановтың «Айсұлу» (1964), Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» (1963) және Ғ. Жұбанованың опералары бұл саладағы ұлттық өнерді жаңа белеске көтерді.
Балет – хореографиялық бейнелер арқылы сипатталған сахналық өнердің түрі. Классикалық балеттің негізінде драматургиямен байланысқан уақиға желісі либретто арқылы баяндалады. Балет Еуропа өнерінде XV–XVI ғасырларда сарай көрсетілімі ретінде Италияда пайда болды. Кейін ол Францияда сән-салтанатты ойын-сауық ретінде дамыды. Балеттің дербес сахналық өнер ретінде қалыптасуы XVIII ғасырдың 2-жартысында француз балетмейстері Ж. Новеррдің бетбұрыс жасауымен байланысты. Ресейде өркендеген балет өнеріне П.И. Чайковский өлшеусіз зор үлес қосты. Оның «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» («Шерткіш») атты туындылары – балет өнерінің жауһарлары. Қазақ елінде ХІХ ғасырдағы сал-серілердің ән мен күй өнерлерінде би қимылдары жүзеге асты. Əншілер Берікбол Көпенұлы («Ағашаяқ»), Шашубай, күйші Тəттімбет əсем саз ырғағымен жылқыларды билетсе,
Дәулеткерей мен Қазанғап «Ақжелең» бишіл күй ырғақтары арқылы жан дүние түкпірінде жатқан нәзік сезімдерін білдірді.
Дәулеткерей мен Қазанғап «Ақжелең» бишіл күй ырғақтары арқылы жан дүние түкпірінде жатқан нәзік сезімдерін білдірді.
1934 жылы Алматы қаласында республикада тұңғыш хореография училищесі мектеп түлектерін қабылдай бастады. Ал Опера жəне балет театрының музыкалық студиясының жанынан балет тобы құрылды. Студияның алғашқы үйренушілерінің ішінде қазақтан шыққан тұңғыш кəсіпқой биші Ш. Жиенқұлова болды. Студиялықтардың бірінші шығармашылық қадамы 1934 жылдың каңтар айында Мұхтар Əуезовтің «Айман–Шолпан» музыкалы қойылымына (Жұмат Шанин қойған) қатысудан басталды. 1937 жылы Қазақстандағы алғашқы балет – В. Великановтың «Қалқаман–Мамыр» туындысы сахналанды. 1967 жылы Қазақ КСР халық артисі Болат Аюхановтың жетекшілігімен тағы бір өнер ұжымы шаңырақ көтерді. Ол əуелі «Алматының жас балеті», ал 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры болып қайта құрылды. Бұл ұжым классикалық балет миниатюраларымен бірге «Шопениана» , «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Шыңғыс хан», «Қыз Жібек» сияқты басқа да ұлттық, əлемдік хореографиялық бір актілі балеттерді орындап келеді. Сонымен бірге «Гүлдер», «Салтанат» би ансамбльдерінің репертуарын қазіргі эстрадалық хореографиялық билер құрайды.
2015 жылдың 11 наурызында Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Орталық Азияда тұңғыш балет өнерінің жоғары оқу орны Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды.1. А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсынан 4-актідегі Абайдың ариясын тыңдаңдар.
Төмендегі тест модулінде:
- А. Жұбанов және Л. Хамидидің «Абай» операсынан 4-актідегі Абайдың ариясында Абай бейнесі қалай көрсетілген?
- Мамыр рөлінің алғашқы орындаушысы – қазақтың тұңғыш бишісін ата?
- Абай партиясын қандай дауыс тембрі орындайды?
- Абайдың ариясын шығарма дамуының шыңы деп айтуға бола ма?
Төмендігі пікір жазу модулінде:
5. Абай ариясын әртүрлі опера әншілерінің орындауында тыңда. Олардың орындалу мәнерлерін салыстыр. Ол туралы өз пікіріңді білдір.
Ермек Серкебаев
(1926–2013)
(1926–2013)
1. Дж. Россинидің «Севиль шаштаразы» операсынан Фигаро ариясын тыңда.
Төмендегі пікір жазу модулінде:
2. Ермек Серкебаевтың орындауында қандай шығармаларды білесіз? Сол туралы пікір қалдырыңыз.
3. Ермек Серкебаев репертуарынан ақпарат іздеп, тізім құр.

Шара Жиенқұлова
(1912–1991)
Шара (Гүлшара) Жиенқұлова – биші, педагог. Толық ақпаратты спойлерге басып қараңыз:
Төмендегі пікір білдіру модулінде:
1. Шара Жиенқұлова шығармашылығы жайында ақпарат іздеп, ауызша қысқа хабарлама құрастыр (әңгіме, слайд-шоу дайындау).
2. Опералық шығарманың басты элементі не деп ойлайсың?
3. Операның құрамдас бөліктерін ата.
Төмендегі тестілеу модулінде:
- «Қыз Жібек» операсының алғашқы орындаушыларын ата.
- «Қыз Жібек» операсының алғашқы композиторын ата.
- «Астана Опера» жаңа опера және балет театры қай жылы ашылды?
БІРЖАН–САРА
операсының 1-бөлімінен хор
М. Төлебаев
Тойға тойы қосылсын жас Сараның,
Сарасына арнайды жастар әнін.
Көтерілген отауы құтты болсын,
Ұзақ жасап, ішінде сүйсін жарын.
Қайырмасы:
Жолы болсын Сараның,
Ақ маңдайы ашылсын.
Оңы менен солына
Інжу-маржан шашылсын.
Інжу-маржан шашылсын.
Құтты болсын айтамыз
Құрбылардың атынан,
Бақытты бол, Саражан.