11-сабақ. ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫҚ ЖАНРЛАР


Сабақта:
1. Мюзикл жанрымен, оның шығу тарихымен танысамыз;
2. Рок-опера жанры және оның көрнекті өкілдері туралы біле аламыз;
3. Мюзикл және рок-опералардан үзінділер тыңдаймыз;
4. С. Еркімбековтің «Нұрлы арман» әнін үйренеміз.


Мюзикл
Мюзикл (ағылшынша – мusical) – музыкалық театр сахнасының жанры. Бұл шығарма музыкалық, драмалық, хореографиялық және опералық өнерді біріктіреді. Мюзиклде диалогтар, әндер, музыка мен шоулар өзара шебер өріледі, хореография маңызды рөл атқарады.
Мюзикл жанры қойылым жағынан күрделі және қаражат тұрғысынан қымбат болып табылады. Көптеген Бродвей мюзиклдері өздерінің ерекше әсерлерімен (спецэффекты) танымал, олар көп жылдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, күнделікті қойылып келеді. Мюзикл құрылымдық жағынан көбінесе екі актілі спектакльге ұқсас. 1920–1930 жылдары Америка Құрама Штаттарында мюзикл жанрында еңбек еткен Джером Керн, ол Нью-Йорк қаласында еврейлер отбасында туылған.

 Джордж ГершвинКоул Портер сынды композиторлар болды. Мюзиклдегі көптеген әндер музыкалық классикаға айналды. Әншілердің актерлік шеберлігі айтарлықтай өсті. Кейінірек, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, мюзиклдің мазмұны тереңдей түсті. Леонард Бернстайнның «Вестсайд тарихы» пайда болды («Westside story», 1957). Қойылым У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын негізге ала отырып, қазіргі Нью-Йоркте болған оқиғаны баяндайды. 1960 жылдардың соңында жаңа музыкалық стильдердің арқасында мюзикл жанрында жаңа түсініктер пайда болды. 1970-жылдары спектакльдер сан жағынан қысқарды, алайда жаңа мюзиклдердің декорациялары мен костюмдері керемет байлығымен таңғалдырды. Эндрю Ллойд Уэббердің «Эвита» («Эвита», 1978) атты мюзиклі терең мағыналы тақырыпқа құрылды, ол мюзиклдің даму жолын көрсетті. 


Уэббердің тағы бір туындысы – «Мысықтар» («Кошки», 1981; Эллиоттың өлең топтамалары желісімен). Бұл мюзиклдің басты тақырыбы – «Естелік» деп аталатын Гризабелланың ариясы.



Эндрю Ллойд Уэббер – ағылшын композиторы. 13 мюзиклдің, 2 кинофильм музыкасының және реквиемнің авторы.


«Мэри Поппинс, до свидания» мюзиклінен «Тридцать три коровы» әнін тыңда. Музыкасын жазған – М.Дунаевский.

Эндрю Ллойд Уэббердің «Мысықтар» (1981) мюзиклінен Гризабелла «Memory» (ағылшынша – естелік) ариясының негізгі тақырыбын тыңда.



Рок-опера


«Рок-опера» жанрының негізін салушы және терминді ойлап табушы гитарист, әнші және The Who Pit тобының көптеген әндерінің авторы Таунcенд болып саналады. 


1971 жылы Бродвейде рок-операның премьерасы өтті. 1973, 2000 жылдары рок-опера экранға шығарылып, көптеген әлем тілдеріне аударылған. «Иисус Христос – Супержұлдыз» рок-операсы осы күнге дейін театрлар мен рок-музыка әуесқойлары арасында ғажайып танымалдыққа ие болып келеді. «Юнона и Авось» – КСРО-дағы алғашқы рок-опера. 1981 жылы режиссер Марк Захаровтың ұсынысымен жүзеге асқан болатын. Оқиға желісі ресейлік мемлекеттік қызметші Николай Резановтың Калифорнияға сапары және оның Сан-Франциско комендантының қызы Кончито Аргуэльомен кездесуі айналасында өрбиді. Музыка авторы –композитор Алексей Рыбников.


30 жылдан астам уақыт ішінде үлкен аншлагпен мыңға тарта қойылым сахналанды. Опера көптеген тілдерге аударылып, Польша, Венгрия, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея және Украина елдерінде  қойылды.




АСЫЛ АРМАН
Әні мен өлеңін жазған – С.Еркімбеков
Нұрлы аспан жұлдыздар,
Таңғажайып ұл, қыздар,
Қол ұстасып бәріміз ән шырқаймыз.
Асыл арман әлемнің,
Достық, бірлік бар елдің,
Болашақтың жолына.
Қайырмасы:
Күн шығады шапақ атып,
Жер гүлдейді бар әлемде, нұрлы елде...
Ты представь, все звезды в небе
Светят сказочным светом
Детям расцветая волшебной песней доброй мечты...
Мы возьмем наши руки
Вместе и войдем в этот сад чудесный,
И увидим сказочный мир!
Солнце взойдет, день к нам придет
Мир и добро в дом наш войдет и он расцветет!
Солнце взойдет, день к нам придет
Мир и добро в дом наш войдет и он расцветет!
Қайырмасы:
Күн шығады шапақ атып.
Жер гүлдейді бар әлемде, нұрлы елде...
Солнце взойдет, день к нам придет
Мир и добро в дом наш войдет и он расцветет!


Пікір жазу модулінде:
1. «Опера елестері», «Мысықтар», «Эвита» мюзиклдері туралы пікір жазыңыз.
2. Э.Л.Уэббер шығармашылығы туралы мәліметтер жинастырып, әңгіме, таныстырылым ретінде ақпараттарыңмен бөліс.


Толығымен