13-сабақ. ӘЛЕМДІК ДЖАЗ МУЗЫКАСЫ
Сабақта:
1. Джаз музыкасымен танысамыз;
2. Джаз музыкасының бағыттарын білеміз;
3. Джаздың әйгілі орындаушыларын тыңдаймыз;
4. Қ. Кішібаевтың сөзіне жазылған Ә. Әбдінұровтың «Ұстазыма» әнін үйренеміз.
1. Джаз музыкасымен танысамыз;
2. Джаз музыкасының бағыттарын білеміз;
3. Джаздың әйгілі орындаушыларын тыңдаймыз;
4. Қ. Кішібаевтың сөзіне жазылған Ә. Әбдінұровтың «Ұстазыма» әнін үйренеміз.
Джаз – кәсіби музыка өнерінің бір түрі. ХХ ғасырдың басында пайда болды. Джаз музыкасының түп негізі бірнеше ғасыр бойы құлдықта болған афроамерикалықтардың тұрмыс-салт билерімен, еңбек əндерімен, діни спиричуэлс әндерімен жəне блюздарымен астасып жатыр.
Джаз музыкасының негізгі элементтері – полиритмика, негізгі əуеннің (мотив) сан рет қайталануы, вокалдық ерекше мəнерлілігі, өрнектілік. Оның алғашқы орталығы – АҚШ-тағы Нью-Орлеан қаласы. Мұнда үрмелі аспапта орындаушылық өнердің өзгеше мəнері қалыптасты.
30-жылдары джаз орталығы Чикаго қаласына ауысты. Сол кезеңнің орындаушылары арасында Луи Армстронгты атап өту керек. Осы жылдары джаз музыкасында свинг стилі пайда болды. Шағын ансамбльдер кеңінен тарап, камералық джаз жанры дамыды.
1940 жылы би-боп атты джаздың жаңа стильдік тармағы пайда болды. Ол өте жылдам əуенімен, ұзақ импровизациясымен, күрделі ырғақпен анықталды. Осы уақыттың орындаушылары арасында Чарли Паркер жəне Диззи Гиллеспиді атауға болады. Көрнекті музыканттар джазда классикалық жəне қазіргі заман музыкасының элементтерін пайдалана отырып, халықтық негіз бен дəстүрдің байланысын сақтауға ұмтылды.
1. Луи Армстронгтың – «What A Wonderful World»; Чарли Паркердің (саксофон) – «Summertime»; Диззи Гиллеспидің (труба) – «Caravan» композицияларын салыстырып, сипаттама бер.
ҰСТАЗЫМА
Әнін жазған – Ә. Әбдінұров
Өлеңін жазған – Қ. Кішібаев
1. Қ. Кішібаевтың сөзіне жазылған Ә. Әбдінұровтың «Ұстазыма» әнін тыңдаңыз.
2. Мәтінді оқы.
3. Әнді мәнерлеп орындауға тырыс.
2. Мәтінді оқы.
3. Әнді мәнерлеп орындауға тырыс.
Әннің аудио, видео және жазба нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз.

