14-сабақ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЖАЗ МУЗЫКАСЫ




Сабақта:
1. Қазақстанның джаз музыкасы туралы білеміз;
2. «Бумеранг» джаз ансамблімен танысамыз;
3. Жанна Саттарова туралы мағлұмат аламыз;
4. Е. Құсайынов шығармашылығы туралы мағлұмат аламыз;
5. С. Қамаеваның сөзіне жазылған Д. Останковичтің «Чемпион болу – арманым» әнін үйренеміз.


Кеңес дәуіріндегі джаз музыкасының негізін қалағандар – А. Цфасман, Л. Утесов, О. Лундстрем. Джаз музыкасының элементтері И. Дунаевский, А. Эшпай, Қ. Қараев, Р. Щедрин, М. Кажлаев сынды композиторлардың шығармаларында жарасымды көрініс тапты.
Қазақстандық джаз музыканттары көпұлтты мемлекетіміздің өнерін ориентал-джаз стилінде дамытты. 70–80-жылдары Тахир Ибрагимовтың 
«Бумеранг» атты джаз ансамблі шығыстық джазды қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, әртүрлі одақтық және халықаралық фестивальдарға қатысты. 80-жылдардың соңында ол кеңестік джаз ансамбльдерінің үздік бестігінің қатарында болды. Тахир Ибрагимов қазақстандықтардан бірінші болып дүниежүзілік джаз қауымдастығының мүшесі атағына ие болды. Қазақстандық белгілі джаз музыканттары – Э. Саршаев, В. Баннов, Н. Байкөзов, Я. Хан, Е. Ынтықбаев, Ж. Саттарова, В. Хоменков болып табылады.


Қазақстанның «Джаз» музыкасы бағытындағы «БУМЕРАНГ» ансамблі
«Бумеранг» ансамблі 1976 құрылып, «Мелодия» дыбыс жазу жапсырмасында үш музыкалық пластинкасын шығарды: «Бумеранг» (1984), «Орнамент» (1985) және «Мираж» (1986).
Ансамблдің алғашқы құрамы үштік болды: фонода Володя Назаров, Тахир Ибрагимов (Таха) және бас-гитарада Фархат Ибрагимов.
1977 жылы «Бумеранг» ансамблі осындай құраммен Ферғанадағы алғашқы Бүкілодақтық джаз фестиваліне барып қатысты. Осылайша ансамблдің фестивалдық өмірі 90-шы жылдарға дейін созылды. Содан кейін квартет пайда болды: Тахир Ибрагимов (Таха), бас-гитарада Фархат Ибрагимов, Гоги Метакса және Гарик Геллер кларнетте.



1. 
«Бумеранг» атты джаз ансамблінің орындауындағы «BOOMERANG JAZZ ENSEMBLE – ORNAMENT» (In Memory of Jazz Legend Tahir Ibragimov) композициясын тыңдаңыз;
- Музыканың аудио, видео нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз. 


Жанна Саттарова
(1967–2017)

Жанна Саттарова – қазақстандық джаз әншісі. Өмірін сахнаға арнаған Ж. Саттарова халық арасында Қазақстанның «джаз ханшайымы» деген атқа ие болған.

1. Жанна Саттарованың орындауында «Kar Kyzy» әнін тыңдаңыз.
- Музыканың аудио, видео нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз. 


2. Әншінің орындаушылық ерекшелігі қандай екенін анықтап, пікіріңізді төмендегі пікір жазу модулінде қалдырыңыз.

Еділ Құсайынов

Еділ Құсайынов – 1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын композиция мамандығы бойынша бітірген. Белгілі қазақ музыкасының зерттеушісі Болат Сарыбаевтың шәкірті. Көмеймен ән орындау өнерінің шебері.
Қазақ халқының көне аспаптарында, яғни 
жетігендесыбызғыдасаз-сырнайда, қамыс-сырнайда, қауырсын-сырнайда, шаңқобызда жеке орындаушы. Оның көмей өнері орындаушылық ерекшелігінде екі стиль қалыптасты – қарғыра (төменгі регистрде айтылады) және сығыт (жоғары регистрде айтылады). Ежелгі заманда көмей өнерін шамандар қолданған. Өз шығармашылығында Е. Құсайынов этно-джаз-рок- музыка стилінде жұмыс істейді. Бұл стиль ежелгі және қазіргі заманғы музыканың синтезі болып табылады.

1. Е. Құсайыновтың «Бұлбұл заман» композициясын тыңдаңыз.
- Музыканың аудио, видео нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз. 

ЧЕМПИОН БОЛУ – АРМАНЫМ

Әнін жазған – Д. Останькович
Өлеңін жазған – С. Камаева
 
Әннің аудиодағы плюс (+),  минус (-) нұсқаларын, және мәтінін төмендегі спойлерге басып қараңыз



Қосымша: Қазақстанның джаз музыкасы тақырыбындағы видео материалды 
төмендегі спойлерге басып қараңыз.
 
1. Е. Құсайыновтың орындаушылығы мен композиторлық шығармашылығы туралы мағлұматтарды жинақтап, баяндама жасаңыз (әңгімелеу, слайд-шоу дайындау), оны пікір жазу модуліне жүктеңіз.
Толығымен