17-сабақ. МУЗЫКА ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ. Қазақ музыкасы
Сабақта:
1. Қазақ поэзиясының заңдылықтары және өлшемдерімен танысамыз;
2. Қазақтың дәстүрлі өлең түрлері және Абайдың жаңашылдығы жайында мағлұмат аламыз;
3. Қазақ әнінің құрылымдық ерекшеліктерінің даму сатыларынан дерек аламыз;
4. Халық әні «Қамажайды» үйренеміз;
5. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Қазақ өнерінде музыка мен поэзия әрдайым егіз, біртұтас болып келеді. Сал, серілер әрі композитор, әрі ақын еді. Сондықтан қазақта «өлең» сөзі ән мағынасында қолданылып келді. Қазақ әнінің әр тармағында буын санының өзгермеу заңдылығы бар. Оны силлабика дейміз. Сондықтан дәстүрлі әндерде кездесетін өлең түрлері: 11 буыннан тұратын «қара өлең» және «жыр» деп аталатын 7–8 буынды өлеңдер. 7–8 буынды өлеңдер ертеректегі әдет-ғұрып сарындары, жыр және тұрмыс-салт әндерінде қолданылса, кейінірек 11 буынды «қара өлең» үлгісі пайда болды. Бұл өлең үлгілері сал, серілер шығармаларында жалғасын тауып күрделенді. Халық әндеріндегі ән мен өлең мәтінінің құрылымы дәл сәйкестік тапса (өлең жолы біткенде әуен саздың тоқтап кідіруі), сал, серілер туындыларында өлең жолы аяқталғанда ән әуені келесі жолға өтіп, өлеңнің екі жолын жалғап отырады (өлең мен әннің асинхронды сабақтасуы). Сал, серілер шығармашылығында ән құрылымы да өзгереді. Егер әдет-ғұрып әндерінде бір дыбысқа өлеңнің бір буыны сәйкес келіп, 1–2 жолды ән кеудесі қайырмасыз немесе бір сөзден құралған қайырыммен аяқталса (жар-жар, көш-көш, ау-жар), ХІХ ғасырдың кәсіби әнінде төрт жолды әндер, 6, 8 және одан да көп жолды шумаққа дейін ұзарып (Абай, Шәкәрім), қайырмасы шумақтан екі есе ұзақ (Біржан сал) немесе бірнеше қайырмадан (Естайдың «Құсни-Қорланы», Кененнің «Көкшолағы») құралды.
Абай мен Шәкәрім әндерінде тұңғыш рет жаңа өлең өлшемдері қолданылды. Абайдың «Көзімнің қарасында» симметриялы алты буын (3+3), ал «Бойы бұлғаң» (4-4-7-4-4-7) және «Сегіз аяқ» (ән атауы сегіз жолды шумақты білдіреді) (5-5-8-5-5-8-8-8), буын саны әркелкі, ауыспалы өлшемді әндер қатарында. Шәкәрім әндерінің басым бөлігі жаңашыл өлең өлшемдерінде шығарылды. Оған «Жастық» (5-5-7-5- 5-8-8-7), «Ажалсыз әскер» (10 буын), «Шын сырым» (6-6-6-6-11-12), «Насихат» (15 буын), ««Таң» журналына жаңа әнмен байғазы» (3-3-5-3-3-5-9-7), «Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек», т.б. әндері дәлел.

Абай мен Шәкәрімнің өлең жаңашылдығы Мағжан Жұмабаев және қазіргі заманауи Ш. Қалдаяқов, І. Жақанов, Н. Тілендиев, Е. Хасанғалиев, Ә. Бейсеуов, т.б. сазгерлердің әндеріне өлең жазған ақындардың мәтіндерінде жалғасын тапты. Мәселен, Ш. Сариевтің өлеңіне жазылған Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен» әнінің құрылымы 3-7-3-7-8-7-10 болып дамытылады. Ән көркем мазмұн мен поэзиялық бейне болмысының тұтастығы болғандықтан, әннің мән-мағынасы әр тарихи даму сатысында өзгеріп отырды. Әдет-ғұрып сарындары алғашқы сатысында – зар, қоштасу лирикасы болса, 2-сатысында тұрмыс-салт әндері деңгейінде – қоршаған табиғат, Отанға, анаға, нәзік жандарға сүйіспеншілік (қамшы өлең, сүйек өлең, тау өлең, балық өлең, шай, өлең, т.б.), суырып салма шеберлігі (өлең туралы өлең), тарих болса, 3-даму сатысында сал, серілер әндерінде аталған тақырыптарға ән табиғаты мен әншінің орындаушылық шеберлігі, өмірдің өтпелілігі тақырыптары қосылды. Ақындық дәстүрден туындаған ХІХ ғасырдағы кәсіби әннің көркем келбетінде ежелгі дәстүрдің елесі айқын сезіледі. Кәсіби әннің ақындық дәстүрден тараған қасиеттерінің бірі – ақындардың өз пірін шақырғандай, әннің биік дыбыс иірімінен басталуы және тыңдармандарға өзін таныстыру, әндердің тақырыбынан байқалады. Мұндай әндерде серілер өз есімін атап, руын таныстырады. Бұл әндер әдетте әншінің өз атымен аталған. Олар: «Біржан сал», «Майраның әні», «Ғазиздің әні», «Балуан Шолақтың әні», т.б.
ҚАМАЖАЙ
Халық әні
Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айырылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айырылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.
Қайырмасы:
А-хау, хайлили-ляйлім, лиля-ляйлім, Қамажай,
Қалды-ау кейін сәулетайым, сәулетайым.
1. Әнді аудиотаспадан тыңда.
2. Әннің ырғақтық өрнегін көрсет.

3. Әннің өлең құрылымының кестесін жаса.
Пікір жазу модулінде:
1. Өзің білетін әннің буын санын санап, өлең құрылымының кестесін жаса, оны модульге жүкте.
2. «Көзімнің қарасы» және «Қамажай» әндерін салыстырып, қайсысында өлең мен әннің асинхронды сабақтасуы байқалып тұрғанын анықтап, өз пікіріңді жаз.
3. 3+3 немесе 4+3 буындық өлең шығаруға талпынып, нәтижесін пікір модуліне жүкте.
АТАМЕКЕН
Әнін жазған – Ж. Тұяқбаев
Өлеңін жазған – Ш. Сариев
Орындаған – Р. Рымбаева
Әннің аудио файлын төмендегі спойлерге басып тыңдаңыз: