Рахманинов Сергей Васильевич (
1 сәуір 1873 жыл,
Ресей империясы,
Новгород облысы
Новгород ауданы —
28 наурыз 1943 жыл,
Беверли-Хилс,
Калифорния;
Нью-Йорк маңындағы Валхаллде жерленген) — орыс композиторы, пианист, дирижер.
1890 ж. жазған шығармаларының көрнектісі — «
Пьеса-фантазиялар» (Прелюдия до-диез минор) мен фортепьяноға жазылған «
Музыкалық сәттер» (1896), симфониялық фантазия «
Шың» (1893), 1-симфония (1895), 20-дан астам романс, т.б. 1897—1898 жылдары Мәскеудегі жекеменшік орыс операсының, 1904—1906 жылдары Үлкен театрдың дирижері болған. 1900—1917 жылдар аралығында С. Рахманинов 2—3-концертін (1901, 1909), 2-симфониясын (1907), «
Сараң сері» мен «
Франческа да Римини» (1904) операларын, «
Көктем» (1908) кантатасын, оркестрге арналған поэма (1913), 2 соната (1907, 1913), фортепианоға жазылған 23 прелюдия мен 17 этюд-картина (1911, 1917), т.б. көптеген сюита, симфония, романстар жазған. 1917 жылы Скандинавияға кетіп, 1918 жылы
АҚШ-та біржолата орналасады. 1918—1943 жылдары негізінен концерттік-пианистік қызметпен шұғылданады. Осы жылдары фортепиано мен оркестрге арналған 4-концертін (1926), вариациялар (1932), симфониялық билер (1940) жазған.
Рахманинов шығармалары шынайылығымен, демократиялық бағытымен, мелодия байланысымен ерекшеленеді. Рахманинов музыкасы орыстың халық әндерін, әсіресе оның жанға жайлы әуенділігін бойына сіңірген. Рахманинов
Отан, орыс табиғатының жалынды жыршысы болған. Сондай-ақ ол өз заманының аса ірі опералық және симфониялық дирижерлерінің бірі.
Өмірбаяны
Сергей Васильевич Рахманинов дворян отбасында туған. Көп уақыт бойы оның туған жері әке-шешесінің иелігіндегі Новгородқа жақын жерде орналасқан Онег саналды. Бірақ соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер бойынша оның туған жері Новгород губерниясының Старорусский уезінің Семёново (Ресей) бекінісі екен.
Композитордың әкесі Василий Аркадьевич (1841―1916), Тамбовск губерниясындағы дворяндар отбасынан шыққан. Анасы – Любовь Петровна (туғанда Бутакова) ― Аракчеевск кадет корпусының директоры, генерал П.И. Бутаковтың қызы. Композитордың әкесі жағынан атасы Аркадий Александрович – музыкант болған, фортепианода Джон Филдан ойнап үйренген, Тамбов, Мәскеу және Петербург қалаларында концерттер ұйымдастырған. Оның көптеген романстары, фортепианолық пьесалары, шығармалары сақталған, солардың ішінде «1869-жылғы қоштасарлық шөкіректі» атап өтсе болады. Василий Рахманинов та музыка жағынан дарынды болатын.
С.В. Рахманиновтың музыкаға қызығушылығы балалық шағында байқалды. Ол фортепианодағы алғашқы сабақтарын анасынан алды, кейін А.Д. Орнатская оқытушысы шақыртылды. Оның қолдауымен 1882 жылдың күзінде Рахманинов Санкт-Петербург консерваториясының В.В. Демянский классының кіші бөліміне оқуға түседі. Петербург консерваториясындағы баланың оқуы жаман жүрді, себебі ол сабақты босата беретін. Сондықтан отбасы отырысында оны консерваториядан Мәскеуге ауыстыруға шешім қабылданды, 1885 жылдың күзінде ол Мәскеу консерваториясының профессоры Н.С. Зверевтің кіші тобының 3 курсына қабылданды.
Эмиграцияға ұшыраған кездері
1918 жылы 1 қарашада отбасымен бірге Норвегиядан Нью-Йоркқа жол жүрді. 1926 жылдан бастап маңызды шығармалар жазбаған – себебі шығармашылық дағдарысты басынан өткізді. Бұл дағдарыс 10 жылға созылды. 1926—1927 жылдары жаңа шығармалары пайда болды: Төртінші концерт және үш орыс әні. Шет елде өмір сүрген кезінде (1918—1943 жж.). Рахманинов 6 шығарма жазды, олар орыс және әлем музыкасының шыңына жатады.
1930 жылдан 1940 жылға дейін Швейцарияда, Люцерн тңірегіндегі Хертенштейн ауылында Веггис коммунасында өмір сүрді. Люцерн фестивальінде концерттер қойды. Рахманинов өмірінің соңғы жылдарын қатерлі ауруға шалдығумен өткізді (меланома). Бірақ соған қарамастан ол өзінің концерттік қызметін жалғастырды. Тек өліміне жақын қалғанда қызметін тоқтатты. Кейбір ақпараттар бойынша Рахманинов кеңес елшілігіне кірді, сол себепті отанына қайтқысы келді. Немересі Александрдың естеліктері бойынша, Рахманинов «Ресейді, өзінің Отанын қатты жақсы көретін, бірақ кеңес құрылысы мен оның басшыларын жек көретін».
Рахманинов 1943 жылдың 28 наурызында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Беверли-Хиллз қаласында, өзінің 70-ші туған күніне дейін жете алмай өмірден озды. Кенсико зиратында жерленді.
Қызықты фактілер
1957 жылғы «Where Are You?» атты американдық Фрэнк Синатр әншісінің альбомынан орын тапқан «I Think of You» (Jack Elliott, Don Marcotte) өлеңінің әуені, основана на лирической теме из № 2 До минор Op. 18, I. Moderato Сергея Рахманиновтың оркестрлік фортепиано концертінің лирикалық тақырыбының (E flat major) негізінде дүниеге келген.
• 1975 жылы пайда болған, Селин Дионның орындауында әйгілі болған «All by Myself» атты өлеңнің әуенін оның авторы американдық музыкант Эрик Кармен Рахманиновтың № 2 оркестрлік фортепиано концертінен алған. Ең алдымен Кармен бұл шығарма қоғамдық қол жетімділікке ие деп ойлап, оның жеке авторы бар екенін тек пластинкасының ресми түрде шыққанынан соң білді. Сол себепті ол Рахманиновтың ұрпақтарымен барлық заңға қатысты мәселелерді шешіп, Сергей Рахманиновтың атын өлеңнің ресми авторы ретінде белгілеуіне тура келді.