23-сабақ. КИНО ЖӘНЕ МУЗЫКА
Сабақта:
1. Қазақстанның киномузыкасының жетістіктерімен танысамыз;
2. Осы бағытта жұмыс істеген композиторлардың шығармашылығы туралы білеміз;
3. Киномузыка терминдерімен танысамыз;
4. Киноға арнап жазылған шығармалардан үзінді тыңдаймыз;
5. «Балапан қаз» халық әнін үйренеміз.

- Өзіңнің жақсы көретін киноңды еске түсір.
- Ол кинодағы музыка есіңде ме?
- Егер ол кинодан барлық музыканы өшірсе, не болар еді?
- Ол кинодағы музыка есіңде ме?
- Егер ол кинодан барлық музыканы өшірсе, не болар еді?
Алғашқы кезде музыка кинематографияда жалаң, қосалқы міндет атқарды. Пианист (тапёр) жүріп жатқан фильмді сүйемелдеумен ғана шектелді. Дегенмен, сол кездің өзінде әр фильм үшін жеке музыка жазуға әрекет жасалды. Дыбыс жазушы аппараттың шығуына байланысты (1920 жылдың соңы – 1930 жылдың басы) әр фильм жеке фонограммаға ие болды. Осы кезеңдегі киномузыканың таңдаулы үлгілері Ч. Чаплин фильмдерінен көрініс тапты. Фильм музыкасы дыбысты киноның тууынан бастап, кадр ішіндегі киномузыка (кадрда көрсетілген музыкалық аспаптың, әншінің, радионың, т.б. музыка орындауы) және кадр сыртындағы киномузыка (фильм идеясын тереңдете түсетін, оқиғаны сипаттайтын, сюжет астарын жеткізетін киномузыка) болып бөлінді. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап фильмдегі кейіпкерлерге музыкалық сипаттама беру, көбінесе, қарапайым да тұжырымды, көкейге қонымды әндер арқылы жүзеге асты. Киномузыканың бұл саладағы классик үлгілерін композиторлар Дж. Гершвин, И.О. Дунаевский («Көңілді жастар» (1934); «Цирк» (1936), т.б.) жасады. Ал еліміздегі композиторлардан Александр Зацепин «Тақиялы періште» — кеңес уақытында түсірілген қазақ комедиясы (Режиссёрі — Шәкен Айманов. Тұсаукесері 1969 жылы өтті. Фильм Алматы қаласында түсірілген). Қуат Шілдебаев көбіне тарихи тақырыптағы фильмдерге қалам тартады. Олардың арасында «Отырардың күйреуі», «Әбілхайыр хан», «Мұстафа Шоқай», «Шал», «Жат» және басқалары бар. Композитордың қаламынан қазіргі таңда 20-дан аса фильмге музыка жазылды. Ақан Сатаевпен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеп жүрген Әлім Заиров джаз, электронды музыка мен классика бағыттарын үйлестіреді. Қазіргі таңда оның музыкасы «Аудандар», «Анаға жол», «Ол» және Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум», Нұртас Адамбайдың «Сабина келін» фильмдерінде орындалады. Төлеген Мұхамеджановтың 9-ға жуық киносаз туындыларында алғашқы жазған 1984 жылғы «Шөп ішіндегі тәтті нәр» фильмінен бастап, соңғы жұмыстарының бірі «Құнанбай» фильмінде Отанына деген сүйіспеншілік пен нәзік лирикалық сезім айқын сезіледі. Ал Ренат Гайсиннің киномузыкалық туындыларынан ерекше атауға тұрарлық туынды – «Жаужүрек мың бала» фильмінің музыкасы.
Ренат Гайсин туралы ақпаратты спойлерге басып қараңыз:
Спойлерге басып «Жаужүрек мың бала» кинофильмінен саундтрек тыңда.
Пікір жазу модулінде:
1. Бұл шығармалардың бейнесіне қандай мінездеме беруге болады? Ол туралы өз пікіріңізді қысқа эссе түрінде жазып пікір жазу модуліне жүктеңіз.
1. Бұл шығармалардың бейнесіне қандай мінездеме беруге болады? Ол туралы өз пікіріңізді қысқа эссе түрінде жазып пікір жазу модуліне жүктеңіз.
2. Бұл шығарманың киномузыкаға қосқан үлесі неде деп ойлайсыз? Пікіріңізді жазыңыз.
Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы
«Заман-ай» әнін төмендегі спойлерге басып қараңыз:
Қуат Абдоллаұлы Шілдебаев – 50-ге жуық ән, камералық симфония, оркестр мен фортепианоға арналған концерт, қылқобыз және үрмелі аспаптар оркестріне, орган мен оркестрге арналған шығармалардың авторы. Оның «Отан Ана», «Сағым дүние», «Жан Ана», «Осенний мотив» атты әндері халыққа кең танымал. Төмендегі спойлерге басып ол туралы жақынырақ танысыңыз, әндерін тыңдаңыз.
Қосымша: Батырхан Шүкенов туралы ақпартты төменгі спойлерге басып қараңыз
Пікір жазу модулінде:
1. Т. Мұхамеджановтың әндерін тақырып бойынша қандай топтарға бөлуге болады?
2. Т. Мұхамеджановтың киномузыкасы Қазақстанның саз өнеріне нендей үлес қосты деп ойлайсыз?
3. Қазақстан заманауи музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуына сазгер Қуат Шілдебаев нендей үлес қосты?
4. Қазақстан сазгерлерінің ішінде киномузыкаға үлес қосып жүрген композиторлар жайында ақпарат іздеңіз.

1. Қазақстан киномузыкасындағы көрнекті шығармаларды атаңыз.
2. Қазақстан киномузыкасының композиторларындағы белең алған стильдік бағыттар жайлы не білесіз?
3. Өзің білетін заманауи музыка шығаратын сазгерлер жайында әңгімелеңіз.
4. Компьютерлік бағдарламаны пайдаланып, музыкамен әрленген «Мектепте» атты ролик дайындаңыздар (топпен, келесі сабаққа).
5. Кинолар мен әндерді сәйкестендіріп пікір жазу модуліне жазыңыз:
• «Саржайлау»;

• «Шегенің термесі»;
• «Балапан қаз»;
• «Мама»;
• «Қыз Жібек»;
• «Қыз Жібек»;
• «Менің атым – Қожа»;
• «Тақиялы періште»;
• «Көшпенділер».
БАЛАПАН ҚАЗ
Халық әні
Минус/ караоке |
Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай,
Желіге асау құлын байлаған жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Тебісіп құлын-тайдай ойнаған жер-ай.
Ей, ахау, сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.
Бұл өлке біздің ауыл күзеген жер-ай,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай.
Ей, ахау, сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.
Желіге асау құлын байлаған жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Тебісіп құлын-тайдай ойнаған жер-ай.
Ей, ахау, сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.
Бұл өлке біздің ауыл күзеген жер-ай,
Қаракөз бойын сылап түзеген жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай.
Ей, ахау, сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.
1. Әннің сөзіне көңіл бөліңіз. Қазақ халқының өмірлік ұстанымдары жайында не айта аласыз?
2. Сіздің ойыңызша мұндай әндерді қай уақытта, қандай жағдайда орындайды?

Төлеген Мұхамеджанов – «Невада–Семей» қоғамдық қозғалысының белді мүшесі және қозғалыс жетекшісі Олжас Сүлейменовтің досы және пікірлесі. Осынау халықтық қарсылықты туғызған ұйымның әнұранына айналған «