31-сабақ. МУЗЫКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
Сабақта:
1. Бейнеойындар музыкасының бағыттарымен танысамыз;
2. Бейнеойындар музыкасының ерекшеліктерін білеміз;
3. Осы бағыттың терминдерімен танысамыз;
4. Димаш Құдайбергеновтың орындауында «Moonlight over the sea» атты әнді тыңдаймыз.
1. Бейнеойындар музыкасының бағыттарымен танысамыз;
2. Бейнеойындар музыкасының ерекшеліктерін білеміз;
3. Осы бағыттың терминдерімен танысамыз;
4. Димаш Құдайбергеновтың орындауында «Moonlight over the sea» атты әнді тыңдаймыз.
Көңіл көтерудің формасы ретінде бейне ойындар 1970 жылдары пайда болғанда, олардың музыкасы кассета мен грампластинка таспаларына жазылды. «Sony» компаниясының бесінші буынындағы ойындарында композициялар ойындардан бейтарап жазылды жəне музыканттар компьютер бағдарламаларын білуге міндетті емес еді. Бейнеойындар музыкасына электропоп стилінде ойнайтын Yellow Magic Orchestra секілді топтар əсер еткен болатын. Мұндай əндердегі төрт я одан көп аккордтан құралған J-Pop стиліндегі немесе 1980 жылдардың поп-музыкасына ұқсас «шумақ» жəне рок- жəне поп-музыка бағытындағы «қайырмадан» құралады.
Компьютерлік ойындар музыкасы «чиптюн», «нинтендокор» жəне «битпоп» сынды музыкалық бағыттардың негізін құрады. Композиторлар мен оның тыңдаушы жанкүйерлері қазіргі кезде ойын музыкасын ойыннан тыс бағалауда. Осы бағыттың «пионері» Коити Сугияманың «Dragon Quest» атты ойын музыкасы сериясының авторы. 1986 жылы алғашқы ойын шыққан соң-ақ, Лондон филармониялық оркестрінің орындауында жазылған компакт-диск шығарылды. «Squaresoft» компаниясының сəтті жобаларынан соң, 1990 жылдары əлемдегі ойын музыкасының даңқы арта түсті. Ойын музыкасына Ирландияда «жанды» дауыста ішекті аспаптардың орындауында жазылған кельт музыкасының лайықтаулары негіз болды. 2000 жылдардың басында əуесқойларға арналған «Touhou Project» ойындар сериясы танымал бола бастады. Додзин – мəдениетінің ерекшеліктеріне сай әуесқой музыканттарға додзин – музыкасының аранжировкаларымен өз дискілерін шығаруға мүмкіндік берілді. Əр жыл сайын Жапония, Германия, АҚШ, Аустралияда толық ойын композицияларынан құралған ойындар музыкасы мен аниме концерттері өткізіліп отырады.
Қазақстанның заманауи эстрадасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары үлкен деңгейге көтеріліп, әлемдік аренаға шықты. Димаш Құдайбергенов Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушыларының «Славян базары – 2015» байқауында Гран-приді жеңіп алды. 2015 жылы 28 қазан күні Стамбулда да Димаш Құдайбергенов «Abu TV» Халықаралық Азия–Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.
2017 жылғы 27 наурызда Қазақстанның сүйікті әншісі Димаш Құдайбергенов «Top Chinese Music Awards» номинациясының жеңімпазы атанды.
Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуы бойынша, біздің әнші «Азиядағы ең атақты әнші» номинациясын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі кезінде Димаш «SOS d’un terrien en détresse» әнін орындады. Оның репертуарында қазақтың халық әні «Дайдидау», Константин Меладзенің «Опять метель», француз әншісі және композиторы Даниэля Балавуанның «Стармания» рок-операсы, Витас пен Майкл Джексонның репертуарынан: «Dangerous», «Billie Jean», «The Way You Make Me Feel» және «Earth song» сияқты шығармалары бар.
Әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовтың айтуы бойынша, біздің әнші «Азиядағы ең атақты әнші» номинациясын жеңіп алды. Марапаттау рәсімі кезінде Димаш «SOS d’un terrien en détresse» әнін орындады. Оның репертуарында қазақтың халық әні «Дайдидау», Константин Меладзенің «Опять метель», француз әншісі және композиторы Даниэля Балавуанның «Стармания» рок-операсы, Витас пен Майкл Джексонның репертуарынан: «Dangerous», «Billie Jean», «The Way You Make Me Feel» және «Earth song» сияқты шығармалары бар.
2. Димаш Құдайбергеновтың орындауында бұл ән қай жерде тұңғыш рет орындалды?
3. Композициядағы кейіпкерлерге мінездеме бер.
МЕН ҚАЗАҚПЫН
Сөзі: Жұбан Молдағалиев
Орындаушы: Ерболат Кудайбергенов
Сол жақта әндегі мәтін (Әнде мәтін өзгертілген).
Сол жақта әндегі мәтін (Әнде мәтін өзгертілген).
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Руым көп солардың аттарындай, Мінезім бар таулардың қатпарындай. Жырым бар бабалар хаттарындай, Әжімім бар бейнеттің таптарындай. Қашан қазақ атандым мен азандап? – Әлі күнге дейін білмейсің, ей, адамзат. Есіміме береді бала жасын Құлпытасты шұқыған кей адамзат. Қайырмасы: Бұл кім десең? Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген. Көк байрақ туым бар, елім бар, жерім бар, оооооо. Бұл кім десең? Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген. Көк байрақ туым бар, елім бар, жерім бар, оооооо. Па, шіркін! Япырмай!!! «Ару – жолда, мал – төрде, бала – белде», Уайым түбі теңіз ғой, бара берме, ооооо Жігер керек, жыр керек, жалау керек, Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге, ооооо. Па, шіркін! Қайырмасы: Бұл кім десең? Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген. Көк байрақ туым бар, елім бар, жерім бар, оооооо. Бұл кім десең? Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген. Көк байрақ туым бар, елім бар, жерім бар, оооооо. Па, шіркін! Япырмай!!! | Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Руым көп солардың аттарындай, Мінезім бар таулардың қатпарындай. Жырым бар бабалар хаттарындай, Әжімім бар бейнеттің таптарындай. Қашан қазақ атандым мен азандап, Әлі күнге білмейсің ей адамзат. Адамзат есіміңді береді, Бара жатсын құлпы тасты жұтаған кей адамзат. Қайырмасы: Бұл кім десең, мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар. Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген жөргегімде таныстым мұң тілімен Жылағанда жүрегім күн тұтылып Қуанғанда күлкімнен түн түрілген Мен қазақпын қырғыз болып туысқанмын бірге тартқан тарланның құйысқанмын Арамызда қара көз бір қыз бәлкім, бөліп берген егізге уыс нанның Мен қазақ бір биік елеспін мен еуропада, азияда емеспін Мен аралықпын жетінші материктей тіл байрақ барша адаммен теңестім мен Мен қазақпын байтақ елім қайта тудым өмірге қайта келдім Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске айта бергім келеді айта бергім! Қайырмасы: |
1. Әннің сөзіне көңіл бөл.
2. Сенің ойыңша «қазақ», «исі қазақ» ұғымдары осы әнде қалай көрсетілген? Пікіріңізді жазыңыз.
3. Бұл ән поп музыканың қандай бағытына жатады? Пікіріңізді жазыңыз.
Пікір жазу модулінде:
1. Компьютерлік ойындар музыкасының бағыттарын ата.
3. Өзің білетін J-pop және Q-pop музыка шығаратын сазгерлер жайында білесің бе?
4. Компьютерлік ойындарда музыка қандай жағдайда қолданылады?



