32-сабақ. ДЫБЫСТАУ ЖӘНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ӘРЛЕУ
Сабақта:
1. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың қолданылуын үйренеміз;
2. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың заңдылықтары жайында мәліметтер аламыз;
3. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың негіздерін игереміз.
Audacity музыкалық және сандық файлдарды редакциялауға арналған үздік бағдарламалардың біреуі болып саналады.
1. Windows Movie Maker қандай бағдарлама?
2. Windows Movie Maker бағдарламасында фильм құру үшін нені пайдаланамыз?
3. Audacity, Soundation бағдарламалары неге арналған?
4. Музыкалық әрлеулер қолдана отырып, слайд-шоу жасау.
5. Видеоларды қию және жалғау.
6. VideoShow, Movie Maker, Киностудия бағдарламалары арқылы мини-бейнеклип жасау.
7. Audacity, Soundation бағдарламалары арқылы музыкалық өңдеулер жасау.
1. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың қолданылуын үйренеміз;
2. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың заңдылықтары жайында мәліметтер аламыз;
3. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың негіздерін игереміз.
Музыка – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі жаһандану заманында музыкалық-компьютерлік технологиялар жан-жақты қолданысқа ие болып келеді. Осы күнгі заман талаптарының бірі – дамыған инновациялық технологияларды кеңінен қолдану. Қазіргі таңда музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктері мол. Біреулер бұл бағдарламаларды музыканы өңдеу үшін, редакциялау үшін, ал кейбіреулер компьютерде музыка тыңдау үшін пайдаланады. VideoShow, Windows Movie Maker, Audacity, Soundation, Киностудия сияқты компьютерлік бағдарламалар арқылы көптеген ойларды іске асыруға болады. Windows Movie Maker – бейнематериал құру және оны өңдеуге арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктері өте көп:
а) сандық видеокамералар арқылы бейнематериалдар алу;
ә) суреттер арқылы слайд-шоу жасау;
б) бейнематериалды қию және жалғау;
в) аудио дыбыстар жолын қою;
г) тақырыптар мен титрлерді қою;
д) бейне фрагменттердің арасында ауысулар жасау;
е) қарапайым эффектілер қою және тағы басқалар.
Audacity музыкалық және сандық файлдарды редакциялауға арналған үздік бағдарламалардың біреуі болып саналады.
Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейнежазбалар арқылы фильм құруға болады. Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейнематериалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейнематериалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып, дайын фильм құра аламыз.