ЖАС ДОС!
Біз музыка әлемімен танысуды жалғастырамыз!
Классикалық музыканың інжу-маржандары бізге бай руха-
ни қазынаның есігін айқара ашады. Біз әлемдегі ең үлкен
музыкалық аспап – орган туралы және оған арнап жазылған
музыка жайында білетін боламыз. Академиялық және қазіргі
заманғы музыкалық шығармалардың сан алуан жанрлары –
симфония, опера, балет, джаз, эстрадалық музыка түрлерімен
танысамыз.
Қазақ халқының кәсіби аспаптық музыкасы және дәстүрлі
әншілік өнері туындыларының шығу тарихын және оларды
шығарған өнер қайраткерлерін білетін боламыз.
Біз поэзия, театр, кино және бейнелеу өнері туындылары му-
зыкамен тығыз байланысты екеніне көз жеткіземіз.