6-сабақ. ҚАЗАҚТЫҢ КӘСІБИ МУЗЫКАСЫ. Жазбаша кәсіби музыка

Сабақта:
1. Қазақстанның кәсіби академиялық музыкасының жанрларымен танысамыз;
2. Қазақстанның симфониялық, фортепианолық және вокалды музыка жазған композиторларымен танысамыз;
3. Симфониялық күй жанры туралы дерек аламыз;
4. Қазақстан композиторларының симфониялық, фортепианолық және вокалдық шығармаларын тыңдаймыз;
5. Б. Байқадамовтың «Домбыра» әнін үйренеміз;
6. Қазақ фортепиано музыкасының іргетасын қалаған және қазақтан шыққан тұңғыш пианист жайында мағлұмат аламыз.


Қазақтың академиялық кәсіби музыкасының қалыптасуы ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Қазақстан композиторлары симфониялық увертюрасимфониялық поэмасимфониялық сюита жанрларын игеріп, ХХ ғасырдың 30–40-жылдарындағы бұл бағыттағы шығармалардың əуендік негізі халықтық дайын əуендерге сүйенді. Осы кезеңнің симфониялық музыкасына Е. БрусиловскийА. ЖұбановМ. Төлебаев зор үлес қосты. Күйдің дүниетанымдық, философиялық заңдылықтары мен заманауи тəсілдердің үйлесімі Ғ. Жұбанованың «Жігер» симфониясынан көрініс тапқан. Бес бөлімінің əрқайсысында ұлы сазгер Дəулеткерейдің күйлері шығарманың басты идеясын адам тағдыры мен жеке тұлғаның өмір күйзелістерін жеңуін жеткізеді. Симфонияның 4-бөліміндегі шарықтау шыңында «Жігер» күйі орган аспабымен орындалады.  Бұл тəсіл арқылы симфонияның басты идеясы бүкіл əлемдік сипат алады. Қазақстан симфониялық музыкасының жаңа белесі симфониялық күй жанрының туындауымен байланысты. Е. Рахмадиевтің «Дайрабай» жəне «Құдаша-думан» симфониялық күйлері – төкпе күй құрылымының негізінде симфониялық оркестрмен орындалған шығармалар.

ХХ ғасырдың 60–70-жылдарынан бастап Қазақстанның симфониялық туындыларында бірнеше ұлттық мектептер дараланды. Олар қазақ, орыс, ұйғыр, дүнген, корей, т.б. Əсіресе ұйғыр мектебінің көрнекті өкілі Құддыс Қожамияров пен дүнген симфониялық музыкасының негізін салушы Бəкір Баяхунов сынды композиторлар осы бағыттағы музыкаға зор үлес қосты. Олардың туындыларында симфонияның заңдылықтары өз халықтарының дəстүрлі музыкасының көркем тіл жүйесімен үйлесім табады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФОРТЕПИАНО МУЗЫКАСЫ

Фортепиано өнерінің қазақ даласындағы тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Бөкей ордасында Жəңгір ханның жұбайы Фатима ханым рояль 
аспабында ойнағандығын ресми құжаттар дəлелдейді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы фортепиано музыкасының тоқсан жылдық тарихы бар. Ол 700-ден астам фортепианоға арналған шағын шығармалар, сонатавариацияконцерт 
сынды көлемді шығармалардан құралады. ХХ ғасырдағы қазақтан шыққан алғашқы кəсіби пианист – Гүлжауһар Шомбалова. 1920–1930 жылдардағы алғашқы кезең А. Затаевич пен А. Жұбановтың халық əуендерін фортепианоға лайықтауынан басталды. А. Затаевич қазақтың 250 əні мен күйін ел ішінен жинап, 60-тан астам күйді фортепианоға лайықтады. Осы жолды Е БрусиловскийД. МацуцинБ. ЕрзаковичН. Меңдіғалиев жалғастырды. Əсіресе, күй тартыс дəстүріне жақын жеке орындаушы мен оркестрдің бəсекесіне құралған фортепианолық концертке қалам тартқан: Н. МеңдіғалиевС. ЕркімбековА. СеркебаевТ. ҚажығалиевҒ. ЖұбановаМ. Сағатов, сынды композиторлар оған елеулі үлес қосты. 70–80-жылдары Қазақстан фортепиано музыкасында сонатавариацияконцерттер жазылды. А. Жұбановтың «8 қазақ биінің» «Ақсақ құлан», «Қыз Акжелең», «Қызыл қайың», «Саранжап» бөлімдеріне Құрманғазы мен Дəулеткерейдің аттас күйлері негіз болды. Бүгінгі таңда Жəния ƏубəкіроваГүлжəмила ҚадырбековаТеміржан ЕржановГүлжан ҮзенбаеваГульнара Құрамбаева, Жанар Сүлейманова сынды өнер майталмандары қазақтың фортепианолық өнерін əлем сахналарына паш етуде.


ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ
ƏН-РОМАНСТАРЫ 

ХІХ ғасырда дамуы биік шыңға жеткен қазақтың əн мəдениеті ХХ ғасырда өз жалғасын тауып, жаңа белеске көтерілді. Ол ХХ ғасырдың 30–40-жылдарында ел ішінен халық əндерін жинап, фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын вокалды өңдеулер жасаған А. Затаевич, Б. Ерзакович, М. Төлебаев
Л. Хамидидің туындыларынан басталды.
ХХ ғасырдың 50–60-жылдарында қазақ романсының классикалық үлгісін 
Мұқан Төлебаев қалыптастырды.
Оның Ұлы Отан соғысы жылдарында шығарған «Тос мені, тос», «Кестелі орамал» романстары – осы бағыттың үздік үлгісі. Вальс жанры Қазақстан музыкасында Л. Хамидидің есімімен байланыстырылады. Оның «Қазақ вальсі», «Көктем вальсі», «Бұлбұл» əндері қазақ əндерінің «алтын қорына» қосылды. Л. Хамидидің жолын «вальстің королі» атанған Шəмші Қалдаяқов жалғастырды.


Н. Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңызын», Б. Төлегенованың орындауында Л. Хамидидің «Бұлбұл» әнін және М. Төлебаевтың «Тос мені тос» романсын тыңдаңдар.

Төменде пікір жазу модулінде:
1. Н. Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңызы», бұл туындыға сипаттама бер, музыка ырғағының ерекшелігін қалай түсіндірер едің?
2. Б. Төлегенованың орындауында Л. Хамидидің «Бұлбұл» туындысында музыка нені бейнелеп тұр?
4. «Романс» тақырыбына синквейн ойлап табыңдар.


Гүлжауһар Шомбалова (1919–1958)

Гүлжауһар Шомбалова – қазақтан шыққан тұңғыш пианист, музыкатанушы, өнертану кандидаты. Ол – ноғай-қазақ биі, Жәңгір ханның жақтасы Шомбал Ниязовтың қызы. 1919 жылдың 20 желтоқсанында Орал облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. 1935 жылы музыкалық техникумға түсіп, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақ өнерінің онкүндігіне қатысқан. 1940 жылы оқуын үздік тамамдаған соң, осы оқу орнында ұстаздық еткен. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында өнерімен жауынгерлердің рухын көтерген Г. Шомбалова бірнеше дүркін төсбелгілермен марапатталды.
1943 жылы Алматыдағы «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары түсірген «Домбыра үнімен» атты Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Шара Жиенқұлова, Жамал Омарова, т.б. қатысқан фильм-концертке түскен. 1944 жылы Алматы консерваториясына музыкатану мамандығына түсіп, әрі бұл оқу орнында фортепиано сабағының оқытушысы болып қабылданады да, оқуын П. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында аспирантурада жалғастырып, ғылыми зерттемесін қазақ музыкасын ХІХ ғасырда зерделеген орыс ғалымдары мен саяхатшыларының еңбектеріне арнады (1955 жылы кандидаттық диссертация қорғады). Г. Шомбалова 39 жасында дүниеден өтті.



      

Нағым Меңдіғалиев (1921–2006)

    


ДОМБЫРА
Бақытжан Байқадамов

Бұл домбыра тоғыз перне тағылған,
Аққан судай серпіп, шалқып ағылған.
Тарта білсең дұрыс қойып,
Дұрыс қойып тиегін,
Кеңітеді көңілдің көк,
Көңілдің көк жиегін.

Бұл домбыра тартып сырды жүректен,
Талай ғасыр махаббатты жыр еткен.
Қоссаң әнге ашылады,
Ашылады көңілің
Құлпырады гүл-гүл жайнап,
Гүл-гүл жайнап өмірің.

Бұл домбыра бұлбұл құстай сайраған,
Ұлы күшке қуатыңды қайраған.
Күлкісіндей жанға тәтті,
Жанға тәтті қалқаның.
Сол себептен домбырамды,
Домбырамды тартамын.
1. І. Есенберлиннің өлеңіне жазылған Б. Байқадамовтың «Домбыра» әнін аудиотаспадан тыңда.
2. Әннің ырғақтық өрнегін шулы аспаппен немесе шапалақтап көрсет.
3. Әннің қайырмасындағы дыбыстық иірім домбырада тартудың қай (шертпе әлде төкпе) тәсіліне жақын?
Толығымен