1-сабақ. ОРГАН МУЗЫКАСЫ



Сабақта:
1. Орган аспабымен және оның құрылымымен танысамыз;
2. Орган аспабына шығарма жазған композиторлармен танысамыз;
3. Музыкалық терминдермен танысамыз;
4. Әр кезеңдегі орган шығармаларын тыңдаймыз;
5. Тыңдалған шығармаларды салыстырып, талдаймыз;
6. «Маңмаңгер» әнін әртүрлі нұсқада тыңдап, талдаймыз. Әнді үйренеміз;
7. Танымал қазақстандық органшы туралы білеміз.
Классикалық музыка дегеніміз — музыкалық өнердегі әртүрлі жанрлардың ең үздік қасиеттерін өз бойына жинаған көркемдік деңгейі биік дүние. 
Классикалық музыка (лат. classicus — «үлгілі») ұғымын көбіне классицизм кезеңіндегі, одан кейінгі Ағарту дәуіріндегі жазылған музыкамен байланыстырады. Әсіресе Еуропаның дәстүрлі музыкалық өнерінің туындыларымен.
Егер де классикалық музыка деп Еуропадан басқа жерге қатысты қолданса — бұл түсінік қазіргі заман музыкасынан тыс, ертеден келе жатқан дәстүрлі музыканы айқындайды. Мысалы, 
қазақ халық музыкасыклассикалық араб музыкасы, классикалық түрік музыкасы, классикалық қытай музыкасы т.б.
Классикалық музыка жауһарларына — академиялық музыканың және қазақ халқының кәсіби дәстүрлі музыкасының үздік туындылары жатады. Академиялық музыкада операсимфонияоратория
соната, прелюдия, сюита, увертюра және тағы басқа жанрлар мен құрылымдар негізіне сүйенеді. Қазақ халқының классикалық музыкасы деп күйшіәнші-жыршы композиторлардың інжу-маржан туындыларын айтамыз. Мысалы сондай інжу-маржан туындылардың бірі Ақан серінің "Маңмаңгер" әні
  

 МАҢМАҢГЕР

Ақан сері


Маңмаңгер кекілің күлте, жалың майда,
Байлаған сені сылап қалқатай да.
Жүресің желмаядай жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.


Қайырмасы:
Ахау, туған елім,
Балаң едім.
Өзіңе осынау әнді,
Ала келдім.

Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып,
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме.

Қайырмасы:
Маңмаңгер, кекілің күлте, жалың майда,
Бал татыр қант қосса қағаз шайға.
Кісіден анау-мынау жалтару жоқ,
Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем қайда.

Қайырмасы:
 
Сөзі: Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913)
Әні: Ақан сері
Орындаған: Ерлан Рысқали

  1. Тестілеу модулінде: осы әнде Ақан серi өз сәйгүлігін қалай бейнелегенін көрсетіңіз.

Оргáн [грек. organon (органон) — құрал, аспап] — үрмелі-клавишті музыкалық аспап. Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Мысыр, Византия елдерінде пайда болды. VII ғасырдан бастап Еуропада, көбінесе шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланылды. Кейінгі ғасырларда  басқа да елдерде тарайды. Органның дыбыс тембрі ерекше жəне түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы əртүрлі түтіктері болады.
Əр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. 
Ал көптеген түтіктер жоғарғы немесе төменгі бір регистр құрайды. Əрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыка аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. Органда 1–7 мануал (əрқайсысында 72 клавиш), аяқпен басатын педалі болады. Органға арналған ноталар скрипка мен 
фортепианоға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады.
Органға арнап  И.С. БахФ. МендельсонИ. БрамсЛ. БетховенД. Шостакович, т.б. композиторлар музыка жазған.
XV ғасырдан бастап орган Ресейде кеңінен таралды. Қазақстан бойынша орган: 
4) Көкшетау қаласында орнатылған.



Иоганн Себастьян Бах
Барокко дегеніміз не?
Музыкадағы барокко (итальянша barokko — астарлы, əдеттен тыс) 1600–1750 жылдардың арасында Еуропада кең тараған өнер стилі.
Ол əсіресе Италияда, Испанияда, Германияда, Францияда кең таралған. Барокконың əлеуметтік негізі — шіркеудің жəне сол уақыттағы ақсүйектік қоғамның құдіретін дəріптеу.
Барокко кезеңінің композиторлары жəне орындаушылары музыкалық классиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Сол уақыттағы шығармалар қазіргі заманда кеңінен орындалады. Олар — Иоганн Себастьян Бахтың фугалары, Георг Фридрих Гендельдің «Мессия» ораториясынан «Аллилуйя» хоры, Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» концерттері.
Музыкалық жанрлардың ауқымы кеңейіп, музыкалық шығармалардың күрделілігі арта түсті.
И. С. Бахтың ре минорлы «Токката мен фугасының» 
бейнежазбасын қарап, 
оны Ф.Мендельсонның «Пассакалиясымен» салыстыр. 

Төмендегі тестілеу модулінде:
  1. Органда қанша мануал барын анықта.
  2. «Музыкалық барокко» ұғымына анықтама бер.
Төмендегі пікір жазу модулінде:
  1. Тыңдалған шығармалардың көркем 
    бейнесіне мінездеме бер.
  2. «Орган», «Пассакалия» тақырыбына синквейн жаса.




Ғабит Несіпбаев Төлеутайұлы


Ғабит Несіпбаев Төлеутайұлы туралы




Толығымен

2-сабақ. СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА



Сабақта:
1. Батыс Еуропа классикалық музыкасының негізгі даму кезеңдерімен және оның көрнекті өкілдерімен танысамыз;
2. Музыкалық терминдермен танысамыз;
3. В.А. Моцарттың № 40 симфониясын тыңдаймыз;
4. Қазақтың халық әні «Ақ дариғаны» үйренеміз;
5. Қ. Мусиннің «Жайлауда» симфониялық поэмасымен танысамыз.


Симфониялық музыка — симфониялық оркестрде орындауға арналған күрделі музыкалық шығарма. Симфониялық музыканың негізгі жанрлары: симфонияувертюраконцерт
сюитасимфониялық поэмафантазия, т. б. Классикалық музыканың негізгі даму кезеңдері — музыкалық классицизм (1750–1820), романтизм (1800–1910), импрессионизм.
Өзіне дейінгі кезеңдердің жетістіктерін дамытқан ХХ ғасырдағы симфониялық музыкада мазмұн мен құрылым жаңарды.
ХVІІІ ғасырда симфониялық оркестрдің классикалық түрінің қалыптасуына байланысты симфониялық музыка кеңінен дамыды. Оның негізін қалаған композиторлар — 
Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей МоцартЛюдвиг ван Бетховен. Олар — Вена классикалық мектебінің өкілдері. Олардың шығармашылығында симфонияның классикалық (төрт бөлімді) үлгісі, сондай-ақ концерт (үш бөлімді), увертюра (бір бөлімді), т. б. туындылар қалыптасты. Классикалық өнер сезім мен ақыл, пішін жəне мазмұн арасындағы нəзік теңгерімді ерекшелеп, адамның əрекеттері мен сезімдерін, ақыл-ой даналығын алға тартты. Соната формасы осы кезеңнің көптеген шығармаларында басымдыққа ие болды. Соната формасында екі тақырыптың күресі, талас-тартысы болады.
Музыкадағы романтизм бағыты 1820 жылдары қалыптаса бастады.
Музыкадағы романтизм адамның ішкі жан дүниесіне үңілу қасиеттерін бойына сіңіре отырып дамыды. Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. 
Романтизм дәуіріндегі музыканттар Н. ПаганиниФ. ШопенФ. ЛистР. ШуманГ. БерлиозР. ВагнерП. Чайковский асқан орындау шеберлігі арқасында өз елінің ұлттық музыка дәстүрін танытты. Романтикалық музыка өзінен кейінгі импрессионизм дәуірі үшін құнды қазына болды.
Импрессионизм («impression» — əсер) — ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өнерде пайда болған ағым. Негізінен суреткердің өмірден алған өткінші əсері мен сəттік көңіл күйіне құрылады. Бейнелеу өнерінде импрессионизмнің жекелеген белгілері 1860 жылдары француз суретшілерінің (Э. Мане, О. Ренуар, Э. Дега) еңбектерінде көріне бастады. Музыкадағы импрессионизмнің негізін салушы Клод Дебюрси өз шығармашылығында музыканың бейнелеу тәсілдеріне ерекше көңіл бөлді. Ол музыканың гармониялық және тембрлік бояуларын, оркестрлік техникасын байытты. 
Морис Равель (Франция) мен Мануэль де Фалья (Испания) музыкалық импрессионизмнің шеберлері еді. Симфонияның 1-бөлімі Сонаталық аллегро құрылымында жазылған үш тараудан тұрады (экспозиция, өрбітуші тарауы және реприза).
Экспозиция төрт тақырыпқа негізделеді — басты (главная), байланыстырушы (связующая), қосалқы (побочная) және қорытындылаушы (заключительная). Әр тақырып өз мінездемесімен ерекшеленеді.
Басты тақырып — екпінді, қарқынды, буырқанған мінезді. Байланыстырушы тақырып — жүрдек екпінді. Қосалқы тақырып нәзік, лирикаға толы сезімдерді жеткізеді.
Қорытындылаушы тақырып — орындалған сарындарды бекітіп, жаңа үндестілікті орнықтырады.
Өрбітуші тарауы басты тақырыпты дамытады.
Реприза — экспозиция тақырыптарын басқа үндестілікте қайталап, оған драмалық леп қосады.







АҚ ДАРИҒА
Халық әні

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр,
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.
Хай ли-ли, хай ли-ли, хай ли-ли-ляй
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.
Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған.
Жүрмісің есен-аман, беу, қарағым,
Көзіңнен айналайын жайнақтаған.

Ән мәтінін мәнерлеп оқы.
«Тізбекпен» айтамыз. Төрт топқа бөлінеміз. Бір топ әннің бір тармағын айтып, екінші топқа кезек береді. Ал «Ақ дариға, ілдіргелі-ай», «Ақ дариға, жайнақтаған-ай» деген жолдарын сынып оқушылары бірге орындауы қажет.
 




Төмендегі пікір жазу модулінде:
1. Симфониялық оркестрдің басқа оркестрлерден айырмашылығы туралы өз түсінігіңді жаз.
2. Симфония жанрын сараптау туралы біліміңді қолданып, «Жайлауда» симфониялық поэмасының негізгі және қосалқы тақырыбын анықта.
3. Өнердегі стильдерді хронологиялық тәртіппен жинақта.
4. «Симфония» тақырыбына синквейн жаз.
Толығымен

3-сабақ. ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ӨНЕРІ


Сабақта:
1. Опера және балет өнерімен танысу;
2. Опера мен балет шығармаларын жазған композиторларды білу;
3. Музыкалық терминдерді түсіне білу;
4. Опера мен балет шығармаларынан үзінді тыңдау;
5. Қазақ операсы мен балеті туралы дерек алу;
6. «Біржан–Сара» операсынан хор үйренеміз.

Опера – музыканың ең бай жəне күрделі жанры болып саналады. Операда поэзия жəне драмалық өнер, вокалдық жəне аспаптық музыка, би, кескіндеме, сахна суреттері жəне сахналық киімдер тұтастық құрайды. Операдағы музыка уақиғаның басты қозғаушы күші болып табылады. Жеке әнші орындайтын күрделі, кең тынысты арияариозокаватина және 
речитатив (речитатив – тар көлемді əуенге негізделген, сөйлеу мәнеріне жақын сарын), топпен орындалатын: дуэт (екі адам)трио (үш адам)квартет (төрт адам)квинтет (бес адам), яғни ансамбльдер, хор көріністері, билер, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың алуан түрлерін құрайды. Опера жеке жанр болып ХVI–XVII ғасырлар аралығында қалыптасты. Опера жанрының XVIII–XIX ғасырлардағы Батыс Еуропадағы көрнекті өкілдері: К.В. Глюк (Австрия); В.А. Моцарт (Австрия), Дж. Верди (Италия), Р. Вагнер (Германия), т.б. ХІХ ғасырдағы орыс операсының негізін салушы М.И. Глинканың жолын М.П. Мусоргский, П.И. Чайковский, Н.А. Римский-КорсаковА.П. Бородин дамытты. Орыс композиторларының операсына халықтық сипаттағы реализм тән. Қазақстанда опера жанры ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастау алады. 1934 жылы Е.Г. Брусиловский операның алғашқы орындаушылары Күләш БайсейітоваКанабек БайсейітовҒарифолла ҚұрманғалиевҚұрманбек Жандарбековпен бірлесе, əн-күй байлығын негіз еткен қазақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібекті» сахна төріне шығарды.
Күләш және Қанабек Байсейітовтер

Кейінгі жылдары А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (1944), М. Төлебаевтың «Біржан–Сара» (1946), С. Мұхамеджановтың «Айсұлу» (1964), Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» (1963) және Ғ. Жұбанованың опералары бұл саладағы ұлттық өнерді жаңа белеске көтерді.


2013 жылы Астана қаласында «Астана Опера» ұлттық опера және балет театры ашылды.

Балет – хореографиялық бейнелер арқылы сипатталған сахналық өнердің түрі. Классикалық балеттің негізінде драматургиямен байланысқан уақиға желісі либретто арқылы баяндалады. Балет Еуропа өнерінде XV–XVI ғасырларда сарай көрсетілімі ретінде Италияда пайда болды. Кейін ол Францияда сән-салтанатты ойын-сауық ретінде дамыды. Балеттің дербес сахналық өнер ретінде қалыптасуы XVIII ғасырдың 2-жартысында француз балетмейстері Ж. Новеррдің бетбұрыс жасауымен байланысты. Ресейде өркендеген балет өнеріне П.И. Чайковский өлшеусіз зор үлес қосты. Оның «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» («Шерткіш») атты туындылары – балет өнерінің жауһарлары. Қазақ елінде ХІХ ғасырдағы сал-серілердің ән мен күй өнерлерінде би қимылдары жүзеге асты. Əншілер Берікбол Көпенұлы («Ағашаяқ»), Шашубай, күйші Тəттімбет əсем саз ырғағымен жылқыларды билетсе, 
Дәулеткерей мен Қазанғап «Ақжелең» бишіл күй ырғақтары арқылы жан дүние түкпірінде жатқан нәзік сезімдерін білдірді.
1934 жылы Алматы қаласында республикада тұңғыш хореография училищесі мектеп түлектерін қабылдай бастады. Ал Опера жəне балет театрының музыкалық студиясының жанынан балет тобы құрылды. Студияның алғашқы үйренушілерінің ішінде қазақтан шыққан тұңғыш кəсіпқой биші Ш. Жиенқұлова болды. Студиялықтардың бірінші шығармашылық қадамы 1934 жылдың каңтар айында Мұхтар Əуезовтің «Айман–Шолпан» музыкалы қойылымына (Жұмат Шанин қойған) қатысудан басталды. 1937 жылы Қазақстандағы алғашқы балет – В. Великановтың «Қалқаман–Мамыр» туындысы сахналанды. 1967 жылы Қазақ КСР халық артисі Болат Аюхановтың жетекшілігімен тағы бір өнер ұжымы шаңырақ көтерді. Ол əуелі «Алматының жас балеті», ал 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры болып қайта құрылды. Бұл ұжым классикалық балет миниатюраларымен бірге «Шопениана» , «Кармен-сюита», «Болеро», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Шыңғыс хан», «Қыз Жібек» сияқты басқа да ұлттық, əлемдік хореографиялық бір актілі балеттерді орындап келеді. Сонымен бірге «Гүлдер»«Салтанат» би ансамбльдерінің репертуарын қазіргі эстрадалық хореографиялық билер құрайды.

2015 жылдың 11 наурызында Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Орталық Азияда тұңғыш балет өнерінің жоғары оқу орны Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды.

1. А.Жұбанов және Л.Хамидидің «Абай» операсынан 4-актідегі Абайдың ариясын тыңдаңдар. 
Төмендегі тест модулінде:
- А. Жұбанов және Л. Хамидидің «Абай» операсынан 4-актідегі Абайдың ариясында Абай бейнесі қалай көрсетілген? 
- Мамыр рөлінің алғашқы орындаушысы – қазақтың тұңғыш бишісін ата?
- Абай партиясын қандай дауыс тембрі орындайды?
- Абайдың ариясын шығарма дамуының шыңы деп айтуға бола ма?

Төмендігі пікір жазу модулінде:
5. Абай ариясын әртүрлі опера әншілерінің орындауында тыңда. Олардың орындалу мәнерлерін салыстыр. Ол туралы өз пікіріңді білдір.
Ермек Серкебаев
(1926–2013)
1. Дж. Россинидің «Севиль шаштаразы» операсынан Фигаро ариясын тыңда.
Төмендегі пікір жазу модулінде:
2. Ермек Серкебаевтың орындауында қандай шығармаларды білесіз? Сол туралы пікір қалдырыңыз.
3. Ермек Серкебаев репертуарынан ақпарат іздеп, тізім құр.



Шара Жиенқұлова
(1912–1991)
Шара (Гүлшара) Жиенқұлова – биші, педагог. Толық ақпаратты спойлерге басып қараңыз:


Төмендегі пікір білдіру модулінде:
1. Шара Жиенқұлова шығармашылығы жайында ақпарат іздеп, ауызша қысқа хабарлама құрастыр (әңгіме, слайд-шоу дайындау).
2. Опералық шығарманың басты элементі не деп ойлайсың?
3. Операның құрамдас бөліктерін ата.

Төмендегі тестілеу модулінде:
- «Қыз Жібек» операсының алғашқы орындаушыларын ата.
«Қыз Жібек» операсының алғашқы композиторын ата.
«Астана Опера» жаңа опера және балет театры қай жылы ашылды?







БІРЖАН–САРА

операсының 1-бөлімінен хор 


М. Төлебаев
 

Тойға тойы қосылсын жас Сараның, 
Сарасына арнайды жастар әнін. 
Көтерілген отауы құтты болсын, 
Ұзақ жасап, ішінде сүйсін жарын.

Қайырмасы:
Жолы болсын Сараның, 
Ақ маңдайы ашылсын. 
Оңы менен солына
Інжу-маржан шашылсын. 
Құтты болсын айтамыз 
Құрбылардың атынан, 
Бақытты бол, Саражан.
Толығымен

4-сабақ. ҚАЗАҚТЫҢ КӘСІБИ МУЗЫКАСЫ. Дәстүрлі күйшілік өнер

Сабақта:
1. Қазақ халқының кәсіби күйшілік өнерімен танысамыз;
2. Дәстүрлі күйшілік мектептер жөнінде білеміз;
3. Музыкалық терминдерді түсініп, үйренеміз;
4. Тәттімбет және Құрманғазының күйлерін тыңдаймыз;
5. Төкпе және шертпе күйге салыстырмалы талдаулар жасаймыз;
6. Тақырып бойынша сұрақтарға  жауап береміз.

Қазақ халқының кәсіби музыкасының негізі ертеректе қалыптасқан. Әсіресе ХІХ ғасыр қазақ халқының өнерінде «алтын ғасыр» деп аталады. ҚұрманғазыТәттімбет
ҚазанғапСүгірДина сынды дәулескер күйшілер осы ғасырда туып, қазақ өнерінің аспаптық музыка саласын дамытқан. Қазақ даласында ғасырлар бойы аймақтық, орындаушылық ерекшеліктеріне, тағы да басқа сипаттарына байланысты жеті түрлі күйшілік дәстүрлер мен мектептер қалыптасқан және олар сол аймақтардың, өңірлердің атымен аталады. Олар: Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Батыс және Маңғыстау күйшілік дәстүрлері.
Күйлер, негізінен, үш аспапта – домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Соның ішінде, дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең таралған саласы – домбыра күйлері. Сонымен қатар домбырада күй тартудың негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Шығыс Қазақстандық шертпе күй дәстүрі және Батыс Қазақстандық төкпе күй дәстүрі. Шертпе күйшілік дәстүр Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу өңірлеріне тән (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары). Төкпе күйшілік дәстүр Батыс, Сыр бойы, Маңғыстау аймақтарында қалыптасқан (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстары). Күй жанры ХІХ ғасырда өз дамуының шырқау шыңына көтерілген. «Жалпы, музыка атаулы нәрсе елдің ішкі сезім байлығын білдіретін болса, соның ішінде ең толғаулысы, ең сырлысы – 
күй», – деп заңғар жазушы М. Әуезов айтқандай, күй – халқымыздың музыкалық қазынасының ең бір мол саласы.



Төкпе күй домбырасы

Шертпе күй домбырасы

1. Тәттімбеттің «Саржайлау» және Құрманғазының «Балбырауын» күйлерінен үзінді тыңдаңдар.


 

Төмендегі пікір жазу модулінде:
2. Орындаушылық мәнері мен әуендік ерекшеліктерін салыстырыңдар және өз пікірлеріңді жазыңдар.
3. Күйдің қай нұсқасы ұнайды және не себепті?
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815–1862)




ҚОСБАСАР
Асықпай, толғана                                                                                                        Тәттімбет


Құрманғазы Сағырбайұлы (1818/1823–1889/1896)


     

АМАН БОЛ, ШЕШЕМ, АМАН БОЛ
Орташа, сөйлете                                                                                                      Құрманғазы
[

Төмендегі тестілеу модулінде:
1. Құрманғазының ұстазы кім болған?

Төмендегі пікір жазу модулінде:
1. Шертпе күйдің орындаушылық ерекшелігі қандай? (пікіріңізді қалдырыңыз)
2. Төкпе күйдің орындаушылық ерекшелігі қандай? (пікіріңізді қалдырыңыз)
3. Тәттімбет күйлерін тыңда және олардың шығу тарихын біліңіз. (пікіріңізді қалдырыңыз)
5. Шертпе күйшілер жөнінде слайд жасаңыз. (пікір жазу модуліне жүктеңіз)



Толығымен

5-сабақ. ҚАЗАҚТЫҢ КӘСІБИ МУЗЫКАСЫ. Дәстүрлі әншілік өнер

Сабақта:
1. Қазақ халқының ауызша-кәсіби әншілік өнерімен танысамыз;
2. Дәстүрлі әншілік мектептердің көрнекті өкілдері туралы білеміз;
3. Музыкалық терминдерді түсініп, үйренеміз;
4. Біржан сал, Мұхит Мералыұлы және Кенен Әзірбаевтың әндерін тыңдаймыз және айтамыз;
5. Тыңдалған әндерге талдаулар жасаймыз.


Ән – халқымыздың тыныс-тіршілігімен ықылым заманнан бері біте қайнасып келе жатқан, тұрмыс-салтымызда ерекше орын алатын өнер.
Әсіресе, қазақтың ауызекі түрде дамыған кәсіби ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында айрықша көркем құбылыс ретінде қазақ даласының әр өңірінде оқшауланып, әр аймақта тек сол өлкеге тән өзіндік ерекшелігімен дараланды. Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр жерімізде әншілік дәстүр әуендік, орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше өлкелік мектептер болып қалыптасты. Атап айтқанда, Алтай-Тарбағатай, Арқа, Жетісу, Сыр бойы, Батыс Қазақстан әншілік, орындаушылық дәстүрлері. Арқа әншілік мектебі – 
БіржанАқанЖаяу МұсаҮкілі ЫбырайЕстайМәдиМайра т.б., ал Сыр бойы –ЖиенбайНұртуғанНартай әншілік-жыршылық мектебі, Жетісуда СүйінбайЖамбылКенен
Дәнеш сияқты ақын-жыршы, әнші-композиторлардың шығармашылық мұралары өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленеді. Батыс әншілік мектебін ерекшелейтін МахамбетМұхит – жеке-дара орындаушылық дәстүр болса, Маңғыстау жырлары және жеті қайқы әндері өзінше бөлек салаға бөлінеді. Сонымен қатар еліміздің шығыс өңірінде өзіндік ерекше нақышпен, жаңашыл бағытта қалыптасқан Абай және оның ақын, әнші шәкірттері ШәкерімАқылбайӘсет
УәйісБерікболМұхамеджанШәкір Әбенов сияқты әнші-композиторлардың әншілік үрдісі өз алдына айрықша мектеп болып табылады.



Біржан сал Қожағұлұлы (1834–1897)

     


1. Біржан салдың «Он саусақ», Мұхит Мералыұлының«Айнамкөз», Кенен Әзірбаевтың «Туған жер» әндерін тыңдап оған сипаттама беріңдер. (пікір жазу модулінде)
2. Әндердің орындаушылық мәнерлерін салыстырыңдар, өз пікірлеріңізді жазыңыздар. (пікір жазу модулінде)






Мұхит Мералыұлы (1841–1918)

     

Кенен Әзірбаев (1884–1976)

     


Төмендегі пікір жазу модулінде:
1. Сал-сері деп қандай адамды айтамыз?(пікіріңізді жазыңыз)
2. Біржан сал, Кенен Әзірбаев, Мұхит жөнінде қосымша мәліметтер іздестіріп слайд жасаңыз.(слайдты пікір жазу модуліне жүктеңіз)
3. Халықтық мәнерде 
ән шығаруға талпыныс жасап көріңіз
7. Венн диаграммасы арқылы композиторлар шығармашылығын салыстыр.



ТУҒАН ЖЕР
Кенен Әзірбаев

Туған жер, тауың да ыстық, тасың да ыстық,
Туған жер, бауырың да ыстық, басың да ыстық.
Тоғайың, топырағың аунап өскен,
Тобылғың, төбелерің қандай ыстық.

Қайырмасы:

Туған жер, туған жер,
Балапан, көбелек қуған жерім-ай!
Туған жер, сай мен сала аймағында,
Ән шырқап қазақ, қырғыз жайлауында.
Салқын су, самал желі жұпар аңқып,
Менің де әсер бердің сайрауыма.

Толығымен

6-сабақ. ҚАЗАҚТЫҢ КӘСІБИ МУЗЫКАСЫ. Жазбаша кәсіби музыка

Сабақта:
1. Қазақстанның кәсіби академиялық музыкасының жанрларымен танысамыз;
2. Қазақстанның симфониялық, фортепианолық және вокалды музыка жазған композиторларымен танысамыз;
3. Симфониялық күй жанры туралы дерек аламыз;
4. Қазақстан композиторларының симфониялық, фортепианолық және вокалдық шығармаларын тыңдаймыз;
5. Б. Байқадамовтың «Домбыра» әнін үйренеміз;
6. Қазақ фортепиано музыкасының іргетасын қалаған және қазақтан шыққан тұңғыш пианист жайында мағлұмат аламыз.


Қазақтың академиялық кәсіби музыкасының қалыптасуы ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Қазақстан композиторлары симфониялық увертюрасимфониялық поэмасимфониялық сюита жанрларын игеріп, ХХ ғасырдың 30–40-жылдарындағы бұл бағыттағы шығармалардың əуендік негізі халықтық дайын əуендерге сүйенді. Осы кезеңнің симфониялық музыкасына Е. БрусиловскийА. ЖұбановМ. Төлебаев зор үлес қосты. Күйдің дүниетанымдық, философиялық заңдылықтары мен заманауи тəсілдердің үйлесімі Ғ. Жұбанованың «Жігер» симфониясынан көрініс тапқан. Бес бөлімінің əрқайсысында ұлы сазгер Дəулеткерейдің күйлері шығарманың басты идеясын адам тағдыры мен жеке тұлғаның өмір күйзелістерін жеңуін жеткізеді. Симфонияның 4-бөліміндегі шарықтау шыңында «Жігер» күйі орган аспабымен орындалады.  Бұл тəсіл арқылы симфонияның басты идеясы бүкіл əлемдік сипат алады. Қазақстан симфониялық музыкасының жаңа белесі симфониялық күй жанрының туындауымен байланысты. Е. Рахмадиевтің «Дайрабай» жəне «Құдаша-думан» симфониялық күйлері – төкпе күй құрылымының негізінде симфониялық оркестрмен орындалған шығармалар.

ХХ ғасырдың 60–70-жылдарынан бастап Қазақстанның симфониялық туындыларында бірнеше ұлттық мектептер дараланды. Олар қазақ, орыс, ұйғыр, дүнген, корей, т.б. Əсіресе ұйғыр мектебінің көрнекті өкілі Құддыс Қожамияров пен дүнген симфониялық музыкасының негізін салушы Бəкір Баяхунов сынды композиторлар осы бағыттағы музыкаға зор үлес қосты. Олардың туындыларында симфонияның заңдылықтары өз халықтарының дəстүрлі музыкасының көркем тіл жүйесімен үйлесім табады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФОРТЕПИАНО МУЗЫКАСЫ

Фортепиано өнерінің қазақ даласындағы тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Бөкей ордасында Жəңгір ханның жұбайы Фатима ханым рояль 
аспабында ойнағандығын ресми құжаттар дəлелдейді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы фортепиано музыкасының тоқсан жылдық тарихы бар. Ол 700-ден астам фортепианоға арналған шағын шығармалар, сонатавариацияконцерт 
сынды көлемді шығармалардан құралады. ХХ ғасырдағы қазақтан шыққан алғашқы кəсіби пианист – Гүлжауһар Шомбалова. 1920–1930 жылдардағы алғашқы кезең А. Затаевич пен А. Жұбановтың халық əуендерін фортепианоға лайықтауынан басталды. А. Затаевич қазақтың 250 əні мен күйін ел ішінен жинап, 60-тан астам күйді фортепианоға лайықтады. Осы жолды Е БрусиловскийД. МацуцинБ. ЕрзаковичН. Меңдіғалиев жалғастырды. Əсіресе, күй тартыс дəстүріне жақын жеке орындаушы мен оркестрдің бəсекесіне құралған фортепианолық концертке қалам тартқан: Н. МеңдіғалиевС. ЕркімбековА. СеркебаевТ. ҚажығалиевҒ. ЖұбановаМ. Сағатов, сынды композиторлар оған елеулі үлес қосты. 70–80-жылдары Қазақстан фортепиано музыкасында сонатавариацияконцерттер жазылды. А. Жұбановтың «8 қазақ биінің» «Ақсақ құлан», «Қыз Акжелең», «Қызыл қайың», «Саранжап» бөлімдеріне Құрманғазы мен Дəулеткерейдің аттас күйлері негіз болды. Бүгінгі таңда Жəния ƏубəкіроваГүлжəмила ҚадырбековаТеміржан ЕржановГүлжан ҮзенбаеваГульнара Құрамбаева, Жанар Сүлейманова сынды өнер майталмандары қазақтың фортепианолық өнерін əлем сахналарына паш етуде.


ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАРЫНЫҢ
ƏН-РОМАНСТАРЫ 

ХІХ ғасырда дамуы биік шыңға жеткен қазақтың əн мəдениеті ХХ ғасырда өз жалғасын тауып, жаңа белеске көтерілді. Ол ХХ ғасырдың 30–40-жылдарында ел ішінен халық əндерін жинап, фортепиано сүйемелдеуімен орындалатын вокалды өңдеулер жасаған А. Затаевич, Б. Ерзакович, М. Төлебаев
Л. Хамидидің туындыларынан басталды.
ХХ ғасырдың 50–60-жылдарында қазақ романсының классикалық үлгісін 
Мұқан Төлебаев қалыптастырды.
Оның Ұлы Отан соғысы жылдарында шығарған «Тос мені, тос», «Кестелі орамал» романстары – осы бағыттың үздік үлгісі. Вальс жанры Қазақстан музыкасында Л. Хамидидің есімімен байланыстырылады. Оның «Қазақ вальсі», «Көктем вальсі», «Бұлбұл» əндері қазақ əндерінің «алтын қорына» қосылды. Л. Хамидидің жолын «вальстің королі» атанған Шəмші Қалдаяқов жалғастырды.


Н. Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңызын», Б. Төлегенованың орындауында Л. Хамидидің «Бұлбұл» әнін және М. Төлебаевтың «Тос мені тос» романсын тыңдаңдар.

Төменде пікір жазу модулінде:
1. Н. Меңдіғалиевтің «Домбыра туралы аңызы», бұл туындыға сипаттама бер, музыка ырғағының ерекшелігін қалай түсіндірер едің?
2. Б. Төлегенованың орындауында Л. Хамидидің «Бұлбұл» туындысында музыка нені бейнелеп тұр?
4. «Романс» тақырыбына синквейн ойлап табыңдар.


Гүлжауһар Шомбалова (1919–1958)

Гүлжауһар Шомбалова – қазақтан шыққан тұңғыш пианист, музыкатанушы, өнертану кандидаты. Ол – ноғай-қазақ биі, Жәңгір ханның жақтасы Шомбал Ниязовтың қызы. 1919 жылдың 20 желтоқсанында Орал облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. 1935 жылы музыкалық техникумға түсіп, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақ өнерінің онкүндігіне қатысқан. 1940 жылы оқуын үздік тамамдаған соң, осы оқу орнында ұстаздық еткен. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында өнерімен жауынгерлердің рухын көтерген Г. Шомбалова бірнеше дүркін төсбелгілермен марапатталды.
1943 жылы Алматыдағы «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары түсірген «Домбыра үнімен» атты Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Шара Жиенқұлова, Жамал Омарова, т.б. қатысқан фильм-концертке түскен. 1944 жылы Алматы консерваториясына музыкатану мамандығына түсіп, әрі бұл оқу орнында фортепиано сабағының оқытушысы болып қабылданады да, оқуын П. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында аспирантурада жалғастырып, ғылыми зерттемесін қазақ музыкасын ХІХ ғасырда зерделеген орыс ғалымдары мен саяхатшыларының еңбектеріне арнады (1955 жылы кандидаттық диссертация қорғады). Г. Шомбалова 39 жасында дүниеден өтті.



      

Нағым Меңдіғалиев (1921–2006)

    


ДОМБЫРА
Бақытжан Байқадамов

Бұл домбыра тоғыз перне тағылған,
Аққан судай серпіп, шалқып ағылған.
Тарта білсең дұрыс қойып,
Дұрыс қойып тиегін,
Кеңітеді көңілдің көк,
Көңілдің көк жиегін.

Бұл домбыра тартып сырды жүректен,
Талай ғасыр махаббатты жыр еткен.
Қоссаң әнге ашылады,
Ашылады көңілің
Құлпырады гүл-гүл жайнап,
Гүл-гүл жайнап өмірің.

Бұл домбыра бұлбұл құстай сайраған,
Ұлы күшке қуатыңды қайраған.
Күлкісіндей жанға тәтті,
Жанға тәтті қалқаның.
Сол себептен домбырамды,
Домбырамды тартамын.
1. І. Есенберлиннің өлеңіне жазылған Б. Байқадамовтың «Домбыра» әнін аудиотаспадан тыңда.
2. Әннің ырғақтық өрнегін шулы аспаппен немесе шапалақтап көрсет.
3. Әннің қайырмасындағы дыбыстық иірім домбырада тартудың қай (шертпе әлде төкпе) тәсіліне жақын?
Толығымен

7-сабақ. ЖОБАНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ

Сабақта:
1. Жобаның тақырыбын анықтау;
2. Жобаның жұмыс жоспарын құрып үйрену;
3. Ақпаратты іздеп үйрену;
4. Жобаны жүзеге асыруды үйрену;
5. Топта жұмыс жасап үйрену.

Тапсырма:
1. Бірнеше топқа бөлініп, өтілген тақырыптарға сай ұсынылатын жобаларды таңдаңдар: «Орган музыкасы», «Симфониялық музыка», «Опера және балет өнері», «Қазақтың ауызекі кәсіби музыкасы», «Қазақтың жазбаша кәсіби академиялық музыкасы».
а) Жобаның мақсатын анықтау.
ә) Жоба тақырыбына сәйкес әртүрлі деректерден ақпарат іздеңдер.
б) Жобаның жұмыс жоспарын құрыңдар.
в) Топта жоба тақырыбын талқылаңдар.
2. Тоқсан бойы үйренген бір әнге интерпретация жасау.
3. «Біздің сыныптағы бір күн» тақырыбына шағын сахналық-музыкалық қойылым дайындау.
Үлгі:
Жоба тақырыбы: «Орган музыкасы» (1-нұсқа)
Жоба мақсаты: органға арналған шығармалармен танысу.
Міндеттері:
- орган шығармалары жайында материалдар табу;
- орган шығармалары жайында слайд дайындау;
- орган музыкасы жайында баяндамаға дайындалу.
Жұмыс нәтижелері:
- орган музыкасы бойынша шығарма тыңдатып әрі тұсаукесер дайындау.
Жоба тақырыбы: «Орган музыкасы» (2-нұсқа)
Жоба мақсаты: әртүрлі елдерде бар ең әсем органдармен таныстыру.
Міндеттері:
- орган жайында материалдар табу;
- ең әсем органдарды бейнелеген слайдтарды дайындау;
- әлем шіркеулеріндегі органдарды бейнелеген слайдтармен баяндама жасап дайындалу.
Жұмыс нәтижелері:
- алуан түрлі органдарды көрсететін тұсаукесер дайындап, шығармаларды тыңдату.
Жоба тақырыбы: «Симфониялық музыка»
Жоба мақсаты: Вена классиктерінің симфонияларымен (Гайдн, Моцарт, Бетховен) таныстыру.
Міндеттері:
- аталған авторлардың біреуінің симфониялары жайында мәлімет табу;
- симфония жайында шағын әңгіме дайындау;
- музыкалық материал (симфониялардан үзінді) дайындау.
Жұмыс нәтижелері:
- симфония музыкасынан үзінділер және ол шығармалар туралы әңгіме дайындау.
Жоба тақырыбы: «Балет және опера өнері»
Жоба мақсаты: опера (балет) шығармаларымен танысу
Міндеттері:
- опера (балет) жайында мәлімет табу;
- опера (балет) туралы тұсаукесер дайындау;
- музыкалық материал (опералар мен балеттерден үзінді) дайындау.
Жұмыс нәтижелері:
- опералық (балет) музыканың үздік шығармаларын тыңдау әрі тұсаукесер дайындау.
Толығымен

8-сабақ. ЖОБА НӘТИЖЕЛЕРІН ТАНЫСТЫРУ

Сабақта:
1. Өз жұмысымыздың нәтижелерін көрсетуді үйренеміз;
2. Өз жұмысымызды және сыныптастар жұмысын бағалаймыз;
3. Өз жұмысымызды жетілдіріп үйренеміз.



Үлгі:
Жоба тақырыбы: «Опера өнері. Әнші Ермек Серкебаев»
Жоба мақсаты: көрнекті опера әншісі Ермек Серкебаев шығармашылығымен танысу.
Жоба түрі: топтық жұмыс.
Пайдаланылған дереккөздер: әдебиеттер, желі ресурстары, аудио және бейнематериалдар.
Әншімен танысу:
Ермек Серкебаев (1926–2013) – қазақ халқының әйгілі опера әншісі, лирикалық баритон, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) халық артисі, Қазақстанның халық артисі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, профессор, қоғам қайраткері. 1951 жылы Алматы консерваториясының вокалдық факультетін (Курганов класы бойынша) бітірді. 1947 жылдан Қазақтың опера және балет театрының әнші-солисі. Тұңғыш орындаған партиясы – Абай (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің аттас операсында).
Таңдаулы партиялары: Қожағұл (М. Төлебаевтың «Біржан–Сарасы»), Тарғын (Е. Брусиловскийдің «Ер Тарғыны»), Евгений Онегин, Мазепа (П. Чайковскийдің аттас операларында), Эскамильо (Ж. Бизенің «Карменінде»).
Тыңда және талда:
С. Мұхамеджанов. «Айсұлу» операсынан Серке каватинасы.
Бірге талқылаңдар:
Музыка авторы мен орындаушы қандай картинаны бейнелегісі келді?
Бұл шығарманың сипаты қандай?
Олар қалай көрсетіледі?
Әнші Россинидің «Севиль шаштаразындағы» Фигаро партиясын үлкен шабытпен үздік орындайтын. Бұл партия әрі қарай Ермек Серкебаевтың айнымас әншілік қолтаңбасына айналды. Ол Кеңес Одағының «ең жақсы Фигаросы» деп аталды. Серкебаев камералық және эстрадалық әнші ретінде де белгілі, киноға да түскен. Гастрольдік сапармен шетелдерде өнер көрсетті.
Тыңда және талда:
Дж. Россини – «Севиль шаштаразы» операсынан Фигаро ариясы.
Бірге талқылаңдар:
Кинофильмдердегі Е. Серкебаевтың қандай әндері танымал?
(Мысалы, Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» кинофильміндегі «Надо мной небо синее». Музыка авторы – А. Зацепин, өлеңі Я. Зискиндікі)
Толығымен