10-сабақ. ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫ


Сабақта:
1. Қазақ эстрадасының ағымдарын білеміз;
2. Эстрадалық музыка саласында жұмыс істейтін композиторлар және орындаушылармен таныс боламыз;
3. Қазақстандық топтармен танысамыз;
4. Жамал Омарова және Роза Бағланованың әндерін тыңдаймыз;
5. Тыңдалған шығармаларды салыстырып, талдаймыз;
6. . Ұ Есдәулетовтің өлеңіне жазылған Т. Мұхамеджановтың «Заманай» әнін  үйренеміз.


Қазақ эстрадасының дамуы үш тарихи кезеңге жіктеледі: Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде XVIII–ХІХ ғасырларда өмір сүрген күлдіргі өнерпаздар қалжың, сықақ арқылы адам бойындағы қулық, сараңдық, күншілдікті əшкерелеп, оны əн-өлең, айтыс үлгісінде жеткізді. Тойларда танылған шаншарлар — Айдарбек, Молдабай, Тонтай, т. б. кейін ХХ ғасырдың басында көпшілікке арналған əндерде жалғасын тапты. Кəсіби сипаттағы қазақ эстрадасының қалыптасуы 1965 жылы Гүлжиһан Ғалиева ұйымдастырған эстрада-цирк өнері студиясының ашылуымен байланысты. Бұл кезеңнің дамуына елеулі үлес қосқан композиторлар — А. ЖұбановЕ. БрусиловскийЛ. Хамиди, əншілер — Жамал ОмароваРахия ҚойшыбаеваСуат ƏбусейітовРоза БағлановаРишат және Мүслім 
Абдуллиндер, т. б. 50–80-жылдарда кəсіби сипатқа ие болған қазақ эстрадасы Бақытжан БайқадамовƏбілахат ЕсбаевШəмші Қалдаяқов, танымал лирикалық əндердің авторлары Нұрғиса ТілендиевЕскендір ХасанғалиевƏсет БейсеуовСейдолла Бəйтереков шығармаларымен жəне əншілер Зейнеп ҚойшыбаеваСара Тыныштығұлова, ағайынды Марат және Мұрат МұсабаевтарНұрғали НүсіпжановАлтынбек ҚоразбаевРоза РымбаеваБағдат СəмединоваНұрлан ӨнербаевАқжол МейірбековМақпал ЖүнісоваБахтияр ТайлақбаевАйжан Нұрмағамбетова
Жанар АйжановаМарат Ілясов, т. б. есімдерімен байланыстырылады. Бүгінгі қазақ эстрадасында есімдері елге танымал Жеңіс ЫсқақоваҚыдырəлі БолмановТоқтар СеріковМейрамбек Беспаев, т. б. талантты əнші-орындаушылар, Кеңес ДүйсекеевТынышбай РахымТұрсынжан Шапай, т. б. өнер қайраткерлері қазақ эстрадасының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып, эстрадалық жəне халықтық əн дəстүрін одан əрі дамытып, жетілдіріп келеді.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Қазақстанда поп-рок жəне этно-рок бағыттары дамыды. Этно-рок бағытында атақты «
Дос-Мұқасан» ансамблі жемісті еңбек етті. Қазіргі таңда этно-поп бағытында жұмыс істеп келе жатқан «Үркер»«Ұлытау» топтары, Құрманғазы, Дəулеткерей, Тəттімбет, Нұрғиса Тілендиев шығармаларын рок-музыка стилінде орындайды. Ал джаз-фолк бағытын ұстанатын «Роксонаки»«The Magic of Nomads»«JCS», скрипкашылар Жəмила СеркебаеваЛанаАида Аюпова джаз, фанк, фольк-рок жəне арт-рок стильдерін біріктіре жұмыс істеуде.
Еуропалық классикалық мəнер мен джаз, поп стильдерін біріктірген 
Толқын Забированың, «Аңсар», «Меццо», т. б. топтардың шығармашылығы, соңғы жылдары бойз-бендтер («Мұзарт»«Жігіттер»«Орда», «101», «Ринго», «Музарт-лайф»), гелз-бендтер («КешYOU», «Дауыс интернешнл», «Аюми», «Асыл») жəне Хип-хоп бағытында Rap және RnB стильдерінде жұмыс істеп жатқан топтар мен жеке əншілер шығармашылығында жалғасын табуда.


1. Жамал Омарованың орындауында Ш. Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін тыңдаңдар.
2. Әнші орындауында әннің жеткізілуі қандай?

3. Ж. Омарованың ән айту мәнерінде дәстүрлі орындаушылықтың қандай белгілерін байқауға болады?
4. «Қазақ эстрадасы» тақырыбына ассоциативті тізім құраңдар.

Роза Бағланова
(1922–2011)

Роза Бағланова — әнші (сопрано), КСРО-ның халық артисі, Халық қаһарманы. Қызылорда педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, Ташкент филармониясы ән-би ансамблінің әншісі, Жамбыл атындағы филармонияның, «Қазақконцерттің» жеке әншісі болып қызмет етті. Репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі композиторларымыздың шығармалары, әлем халықтарының — орыс, өзбек, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, қырғыз, моңғол, чех, венгр, қытай, кәріс, үнді, швед әндері үйлесім тапты. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Мәскеу түбінде шайқасқан панфиловшы жауынгерлер алдында концерт қойды.

1. Роза Бағланованың орындауында «Ақмаңдайлым» әнін тыңда.
2. Роза Бағланованың орындау мәнерін қалай сипаттар едің?
3. Роза Бағланованың шығармашылығына қатысты ақпараттар іздестіріп, шағын ауызша таныстырылым жаса (әңгіме, слайд-шоу дайындау).
4. Ж. Омарова мен Р. Бағланованың ән айту мәнерін салыстыр.



Ескендір Хасанғалиев

Ескендір Хасанғалиев — танымал композитор, әнші (лирикалық баритон), Қазақ КСР-інің халық артисі (1984). Қазақтың қазіргі заманғы әндерінің негізін қалаушылардың бірі.



Пікір жазу модуліне жазыңыз:
1. Е. Хасанғалиев шығармашылығында қандай әншілік дәстүрді жалғастырды?
2. Композитордың «Атамекен», «Бозторғай» әндерін тыңда.

Роза Рымбаева

Роза Рымбаева — эстрада әншісі, киноактриса және профессор-педагог. Қазақстанның халық артисі. Роза Рымбаева 1974–1975 жылдары көркемөнерпаздар байқауында бірінші жүлдені жеңіп алды, әншінің шығармашылық жолы осылай басталды. 1977 жылы талантты әнші Роза Қуанышқызы Болгарияда «Алтын Орфейді» жеңіп алды.
1976–1979 жылдары Республикалық «Гүлдер» жастар-эстрадалық ансамблінің солисі, 1979 жылы Роза Рымбаева Стамбулда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды. 1983 жылы Кубада өткен «Гала-83» халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 29 жасында Қазақстанның халық артисі атанды. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т.б. халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды.


ЗАМАН-АЙ
Әнін жазған — Т. Мұхамеджанов
Өлеңін жазған — Ұ. Есдәулетов

Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы,
Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы?
Мейiрiмге зарықтырған заман-ай,
Заман-ай, заман-ай,
Туған жердiң лайланды-ау тұнығы.

Қайран елiм, қайран жерiм, қор болған,
Жомарттығы сор болған-ай,
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.

Қираттық та ата-баба мазарын,
Қасiреттiң тарттық ендi азабын.
Қоң етiңдi ойып берген, заман-ай,
Заман-ай, заман-ай.
Көсiлетiн көрпең қайда, қазағым?

Қайран елiм, қайран жерiм, қор болған,
Жомарттығы сор болған-ай,
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.

Неге бiздер у iшемiз суаттан,
Неге бiздер ажыраймыз тұяқтан?
Туған жердi тоздырғанша, заман-ай,
Заман-ай, заман-ай.
Неге жерге кiрмеймiз бiз ұяттан?

Қайран елiм, қайран жерiм қор болған,
Жомарттығы сор болған-ай,
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай.

Пікір жазу модуліне жазыңыз:
1. «Заман-ай» әнінің өлеңін мұқият оқып, қай топқа жататындығын (тарихи ән, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, лирикалық, отаншылдық тақырып) анықта.
2. Бұл ән қандай тарихи жағдайға байланысты шығарылды?


Пікір жазу модуліне жазыңыз:
1. Қандай бойз-бэнд және герлз-бэндтерді білесің?
2. Эстрадалық жанрда жұмыс істейтін Қазақстанның танымал композиторларын атап бер.
3. Қазақстанның заманауи эстрада әншілері шетелдерде өткен қандай өнер додаларында жеңіске жетті?
4. Р. Рымбаеваның репертуарындағы өзекті болған әндерді ата.

Тест сұрақтары:

Эстарада-цирк студиясы қай жылы ашылды?
«Үркер» және «Ұлытау» тобы қандай стильде жұмыс істейді?
Роза Рымбаева қай жылы Кубада өткен халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды
Ескендір Хасанғалиев қай жылы Казақ КСР-нің халық әртісі атанды?
Роза Бағланованың туылған жылы?
«Атамекен», «Бозторғай» әндері қандай жанрға жатады
Жауап пікірлер қосу

Сіздің тапсырмаға жауап пікірлеріңіз

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив