Сабақта:
1. Қазақ оюы заңдылықтарының дүниетанымдық негіздерімен танысамыз;
2. Қазақтың дәстүрлі ою түрлері жайында мағлұмат аламыз;
3. Қазақ оюының музыкамен байланысы жайында дерек аламыз;
4. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.
1. Қазақ оюы заңдылықтарының дүниетанымдық негіздерімен танысамыз;
2. Қазақтың дәстүрлі ою түрлері жайында мағлұмат аламыз;
3. Қазақ оюының музыкамен байланысы жайында дерек аламыз;
4. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Табиғатпен сырласа да үндесе өмір сүрген ата-бабаларымыз өз дүниетаным пәлсапасын өнер арқылы шебер жеткізгені аян. Сонау ескі замандағы қолөнер бұйымдарының оюы кітап қызметін атқарып, оның бейнелері әлемдік тәртіпті айқындауда таптырмас тәрбие құралы болды. Осы құралдың басты заңдылығы – адам қоршаған Табиғат ананы аялауы керек, Ғарыш заңдылықтарын терең түсінуі қажет. Ғарыш құрылымы туралы біздің заманымызға ежелгі дәуірден жеткен аңыздар бар. «Ертеде бүкіл әлемді су басқан заманда Жердің кіндігінде Әлемдік тау (Ұлытау), ал оның ұшар басында Бәйтерек жайқалып өсіпті. Үш әлемнің арасын байланыстырған Бәйтеректің жапырағында Самұрық құс ұя соғып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен әлемді түнек басса, құс тағы да жұмыртқа салып, қайтадан әлемді тіршілік жайлайды. Аспанды тіреп тұрған Бәйтеректің төбесі жоғарғы әлем – құдайлар мекені болып, Темірқазық жұлдызына жететін. Оның жапырағында құс бейнесіндегі аруақтар отырады. Ортаңғы әлемде адамдар, ал Жерді тамырымен тіреп тұрған Төменгі әлемде зұлым күштер өмір сүрген. Ағаштың етегінен әртүрлі өзендер бастау алған екен».
Міне, осы аңыздағы үш әлем төкпе күйдің бас буын, орта буын және саға бөлімдеріне бөлінуімен сәйкес келеді. Күйдің шарықтау шыңы болатын саға бөлімі топан су басқан Төменгі әлемнің көрінісі іспетті. Табиғат заңдылықтарымен үйлесім тапқан өмір пәлсапасын жеткізудегі көркем құралдар саз өнері (күй және ән) мен ою-өрнекке ортақ болды.
Оюда бос Кеңістіктің қалмауы, форма мен контрформаның тең, тегіс, симметриялы орналасуы оюды табиғаттағы молекулалармен теңдес етеді. Қорқыт, Ықылас күйлерінде және оюда жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағы болып бөліну арқылы жеткізілген өмірдегі қарама-қайшылықтардың тепе-теңдігі мәңгілікті бейнелейтін қобыз сарынында созылыңқы әуенде көрінсе, өрнекте шексіздік белгісімен көрсетіледі.
Ою-өрнек Ғарыш пен Табиғат заңдылықтарын жалпылама пәлсапалық белгілермен көрсетсе, күй адамның ішкі жан тебіренісін, көңіл күйін қоңыр үн арқылы күмбірлетті. Құстың сайраған дауысына еліктеген ән қайырмалары (гәгәгәй, ғағиға-ғақ-ғақ), әннің шырқау биіктен басталған иірімдері, қобыз сарынымен орындалған «Аққу» күйі – қазақтың Жоғарғы Әлем туралы саз түсінігінің айғағы. Жалпы, ою мен күйдің көп мағыналылығы, түпсіз тереңдігі қазақтың ойды астарлап, тұспалдап жеткізу әдетіне сәйкес келеді.2. Ықыластың «Жезкиік» күйін төмендегі спойлерге басып тыңдаңыз, күйдің аңызын тауып, оны сыныпта ауызша айтып беруге дайындал.
ДЕДІМАЙ-АУ
Халық әні
1. Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
Дедімай-ау.
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,
Дедімай-ау.
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.
2. Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,
Дедімай-ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,
Дедімай-ау.
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.
Халық әні
1. Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,
Дедімай-ау.
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,
Дедімай-ау.
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.
2. Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,
Дедімай-ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,
Дедімай-ау.
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау,
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.
1. Әнді аудиотаспадан тыңда.
2. Әннің ырғақтық өрнегін көрсет (шапалақтап немесе ұрмалы аспаппен).


