Салған ән көлеңкесі сол көңілдің...
Сабақта:
1. Қазақ халқының саз өнерімен байланысты терапиялық түсініктерімен танысамыз;
2. Музыка жайында көне түсініктерді танимыз;
3. Тәттімбеттің «Қосбасар» күйін тыңдаймыз;
4. «Үкілім-ай» әнін үйренеміз.
1. Қазақ халқының саз өнерімен байланысты терапиялық түсініктерімен танысамыз;
2. Музыка жайында көне түсініктерді танимыз;
3. Тәттімбеттің «Қосбасар» күйін тыңдаймыз;
4. «Үкілім-ай» әнін үйренеміз.
Қазақ халқы музыканы, саз өнерін қашанда рухани азық көрді. Шыр етіп дүние есігін ашып келген соң-ақ «бала уатып», сарын арқылы өз қуанышы мен мұңын білдірді. Жігіт пен қыз шаңқобызын сарнатып музыка үнімен тілдесті. Ұзатылып бара жатқан қалыңдық «сыңсу» арқылы өзінің назын жеткізді. Тойда көппен «жар-жар» мен «беташар» айтылып, қуанышты бөліскен, сондықтан халқымыз үшін ән, өлең киелі болды. О дүниелік болған адаммен «жоқтап» қоштасса, бабаларымыз адам өлімін сөзбен емес, күймен естіртіп, көңіл қошын аулағаны да аңыздардан белгілі («Ақсақ құлан» күйінде ханның алдына оның баласының өлімін естіртуге келген Кетбұға домбырашы: «Балаң өлді, Жошы хан», деп күйді сөйлеткен деседі). Күй адамның жан жарасын ғана емес, үн дыбысымен ауырған адам мен жануарды да емдегендігі жайында аңыздар баршылық. «Нар идірген» халық күйінің аңызында «Көс, көс маям, көс маям, Айналайын, айналайын, жаным, жаным», деп қайғыдан екі көзінен жас парлап, желіні сыздап, тұрарға жер таба алмаған маяның алпыс екі тамырын қарт күйші күйдің көмегімен иітіп, емдеп берген екен. Әуен-саздың жанға дәру, бойға қуат беретін құдіретін Тәттімбеттің «Қосбасар» күйінің аңызынан байқаймыз. Күшікбай байдың жалғыз ұлы қайтыс болғанда, қайғыдан қан жұтқан әке өмірмен мәңгі қоштаспақ оймен түрлі әрекет жасаған соң, оны жұбатуға келген Тәттімбет табалдырықта отыра қалып бірінен соң бірін 62 «Қосбасар» күйін орындайды. Әуелі қайғылыларын орындаған соң соңында өмірдің сәулелі, жарқын жақтарын көрсететін күйлермен аяқтайды. Сонда басын көтерген Күшікбай: «Осынша жас жігіттің күйінде мұнша мұң болуы қайдан?», – деп сұрағанда, Тәттімбет оған: «Сіздің жаныңызда жалғыз ұлыңыздың қайғысы болса, менің күйімде бүкіл халықтың мұңы жатыр» деп жауап берген екен.
Төмендегі пікір жазу модулінде, пікіріңмен бөліс:
1. Тәттімбеттің «Қосбасар» күйінің аңызы мен әуен сазы сәйкес келе ме?
2. Күйдің сипаты қандай? Мұнда сарыуайымға салыну бар ма?
3. «Қосбасар» күйінің аңызынан қандай ой түйдің? Пікіріңмен бөліс.
Төмендегі пікір жазу модулінде, пікіріңмен бөліс:
1. Әр халықтың музыкатерапия (музыканың емдік қасиетіне сенім) жайындағы түсініктерін іздестір.
2. Бұл түсініктерде ұлттық айырмашылықтар бар ма?
ҮКІЛІМ-АЙ
Халық әні
1. Арғы жағы Еділдің, бергі жағы,
Жағасында жайқалған жапырағы.
Қайырмасы:
Үкілім-ай, көкем-ай,
Сағындым, сәулем, бір сені ойлай.
2. Ата-анамды сағынып әнге салдым,
Бауырымның хабарын алмағалы.
Қайырмасы:
3. Ақ қағазға хат жаздым қалам алып,
Жүрек сырын қозғалтып әнге салып.
Жүрек сырын қозғалтып әнге салып.
Қайырмасы:
1. Әннің сөзіне көңіл бөл. Бұл ән тыңдаушы мен орындаушының көңіл күйіне қалай әсер етеді деп ойлайсың?
2. Қазақ халқының өмірінде ән, саз өнері қандай маңызға ие болды?