9-сабақ. ЭСТРАДАЛЫҚ МУЗЫКА. Шетел эстрадасы
1. Эстрадалық музыкамен танысамыз;
2. Поп-музыка, француз шансоны және рок-музыка ерекшеліктерін білеміз;
3. Музыкалық терминдерді түсінуді үйренеміз;
4. Эстрадалық музыка үлгілерін тыңдаймыз;
5. Тыңдалған шығармаларға салыстырмалы талдау жасаймыз;
6. Л. Марченконың «Я учу английский» әнін үйренеміз;
7. Поп және рок музыканың танымал орындаушыларымен танысамыз.
Эстрадалық музыка – сахна өнерінің концерттік-сауықтық түрі. Ол кең аудиторияға арналған. Әсіресе, XX ғасырда музыкалық өнердің осы түрі кең ауқымда дами түсті. Эстрадалық әндер тек қана ойын-сауыққа құрылмаған. Мәселен, эстрадада азаматтық әндер, патриоттық, бейбітшілік үшін күрес және тағы басқа тақырыптардағы әндер баршылық. Мысалы, И.О. Дунаевский, В.П. Соловьев-Седой, М.И. Блантер, А.Н. Пахмутова, Д.Ф. Тухманов және басқа да композиторлардың әндері де кеңінен танымал. М. Матусовскийдің өлеңіне жазылған В.П. Соловьев-Седойдың «Подмосковные вечера» әні бүкіл әлемге белгілі. Композитор Дмитрий Борисович Кабалевский «Подмосковные вечера» әні жөнінде: «Бұл ән бізге танымал, ерекше интонациялардан құрылған және бұл – композитордың өте сәтті туындысы. Сонымен қатар композитор бұл әнде өз заманының үнін дәл тауып, ести білген», – дейді.
1. «Подмосковные вечера» әнін әртүрлі тілдерде тыңдаңдар: жапон тілінде – BONY JACKS, француз тілінде – Мирей Матье, орыс тілінде – Дмитрий Хворостовский және Анна Нетребко орындауларында.
2. Әртүрлі орындауларды салыстырып, өз ойыңды айт.
3. «Подмосковные вечера» әні не себепті әлемдегі көптеген адамдардың жүрегінен орын алды?
4. Әннің тақырыбына синквейн құрастыр.
Шансонның жұлдыздары – Джордж Брассенс, Эдит Пиаф, Джо Дассен, Жак Брель, Шарль Азнавур, Мирей Матьё, Патрисия Каас, т.б. Француз шансондарының орындаушыларын әдетте шансонье деп атайды. 1970 жылы «Диско» стилі пайда болды. ABBA, Boney M, Bee Gees және басқа да топтар шықты. Бүгінгі таңдағы эстрадалық музыка қатарына заманауи рок-музыканы да жатқызуға болады. Рок музыканың басты ерекшелігі – жеке және ансамбльдік орындаушылықты (топ) қолдану болып табылады. Мәтінде өзіндік мазмұн болады. Ансамбль мүшелері немесе топтар аспапшылар мен әншілердің функциясына көп қосыла бермейді. Рок-музыка джаз музыкасынан ырғақтық құрылым, дыбыстау мәнері жағынан ерекшеленеді. Ресейде рок-музыка элементтері вокалды-аспаптық ансамбльдер шығармашылығында көрініс тапты.
Әні мен өлеңін жазған – Л. Марченко
1. Әнді тыңда.
2. Мәтінді мәнерлеп оқы.
3. Әннің ырғағын алақанмен соғып көрсет.
1. Майкл Джозеф Джексонның «We Are The World» әнін аудио форматта тыңдаңыздар, видео форматта тамашалаңыздар.
2. Әннің мәтінін орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқыңыздар.
3. Әннің негізгі айтар ойы қандай және Майкл Джексон жөнінде ақпарат жинақтап шағын ауызша, жазбаша мәлімет құрастырып (әңгіме, таныстырылым) төмендегі пікір жазу модуліне жүктеңдер.
Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіздер:
10-сабақ. ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫ
Сабақта:
1. Қазақ эстрадасының ағымдарын білеміз;
2. Эстрадалық музыка саласында жұмыс істейтін композиторлар және орындаушылармен таныс боламыз;
3. Қазақстандық топтармен танысамыз;
4. Жамал Омарова және Роза Бағланованың әндерін тыңдаймыз;
5. Тыңдалған шығармаларды салыстырып, талдаймыз;
6. . Ұ Есдәулетовтің өлеңіне жазылған Т. Мұхамеджановтың «Заманай» әнін үйренеміз.
Абдуллиндер, т. б. 50–80-жылдарда кəсіби сипатқа ие болған қазақ эстрадасы Бақытжан Байқадамов, Əбілахат Есбаев, Шəмші Қалдаяқов, танымал лирикалық əндердің авторлары Нұрғиса Тілендиев, Ескендір Хасанғалиев, Əсет Бейсеуов, Сейдолла Бəйтереков шығармаларымен жəне əншілер Зейнеп Қойшыбаева, Сара Тыныштығұлова, ағайынды Марат және Мұрат Мұсабаевтар, Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Бағдат Сəмединова, Нұрлан Өнербаев, Ақжол Мейірбеков, Мақпал Жүнісова, Бахтияр Тайлақбаев, Айжан Нұрмағамбетова,
Жанар Айжанова, Марат Ілясов, т. б. есімдерімен байланыстырылады. Бүгінгі қазақ эстрадасында есімдері елге танымал Жеңіс Ысқақова, Қыдырəлі Болманов, Тоқтар Серіков, Мейрамбек Беспаев, т. б. талантты əнші-орындаушылар, Кеңес Дүйсекеев, Тынышбай Рахым, Тұрсынжан Шапай, т. б. өнер қайраткерлері қазақ эстрадасының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып, эстрадалық жəне халықтық əн дəстүрін одан əрі дамытып, жетілдіріп келеді.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Қазақстанда поп-рок жəне этно-рок бағыттары дамыды. Этно-рок бағытында атақты «Дос-Мұқасан» ансамблі жемісті еңбек етті. Қазіргі таңда этно-поп бағытында жұмыс істеп келе жатқан «Үркер», «Ұлытау» топтары, Құрманғазы, Дəулеткерей, Тəттімбет, Нұрғиса Тілендиев шығармаларын рок-музыка стилінде орындайды. Ал джаз-фолк бағытын ұстанатын «Роксонаки», «The Magic of Nomads», «JCS», скрипкашылар Жəмила Серкебаева, Лана, Аида Аюпова джаз, фанк, фольк-рок жəне арт-рок стильдерін біріктіре жұмыс істеуде.
Еуропалық классикалық мəнер мен джаз, поп стильдерін біріктірген Толқын Забированың, «Аңсар», «Меццо», т. б. топтардың шығармашылығы, соңғы жылдары бойз-бендтер («Мұзарт», «Жігіттер», «Орда», «101», «Ринго», «Музарт-лайф»), гелз-бендтер («КешYOU», «Дауыс интернешнл», «Аюми», «Асыл») жəне Хип-хоп бағытында Rap және RnB стильдерінде жұмыс істеп жатқан топтар мен жеке əншілер шығармашылығында жалғасын табуда.
2. Әнші орындауында әннің жеткізілуі қандай?
3. Ж. Омарованың ән айту мәнерінде дәстүрлі орындаушылықтың қандай белгілерін байқауға болады?
4. «Қазақ эстрадасы» тақырыбына ассоциативті тізім құраңдар.
1. Роза Бағланованың орындауында «Ақмаңдайлым» әнін тыңда.
2. Роза Бағланованың орындау мәнерін қалай сипаттар едің?
3. Роза Бағланованың шығармашылығына қатысты ақпараттар іздестіріп, шағын ауызша таныстырылым жаса (әңгіме, слайд-шоу дайындау).
4. Ж. Омарова мен Р. Бағланованың ән айту мәнерін салыстыр.
Ескендір ХасанғалиевЕскендір Хасанғалиев — танымал композитор, әнші (лирикалық баритон), Қазақ КСР-інің халық артисі (1984). Қазақтың қазіргі заманғы әндерінің негізін қалаушылардың бірі.
Пікір жазу модуліне жазыңыз:
1. Е. Хасанғалиев шығармашылығында қандай әншілік дәстүрді жалғастырды?
2. Композитордың «Атамекен», «Бозторғай» әндерін тыңда.
Роза Рымбаева1976–1979 жылдары Республикалық «Гүлдер» жастар-эстрадалық ансамблінің солисі, 1979 жылы Роза Рымбаева Стамбулда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды. 1983 жылы Кубада өткен «Гала-83» халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 29 жасында Қазақстанның халық артисі атанды. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т.б. халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды.
Пікір жазу модуліне жазыңыз:
1. «Заман-ай» әнінің өлеңін мұқият оқып, қай топқа жататындығын (тарихи ән, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, лирикалық, отаншылдық тақырып) анықта.
2. Бұл ән қандай тарихи жағдайға байланысты шығарылды?
Пікір жазу модуліне жазыңыз:
1. Қандай бойз-бэнд және герлз-бэндтерді білесің?
2. Эстрадалық жанрда жұмыс істейтін Қазақстанның танымал композиторларын атап бер.
3. Қазақстанның заманауи эстрада әншілері шетелдерде өткен қандай өнер додаларында жеңіске жетті?
4. Р. Рымбаеваның репертуарындағы өзекті болған әндерді ата.
11-сабақ. ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫҚ ЖАНРЛАР

Сабақта:
1. Мюзикл жанрымен, оның шығу тарихымен танысамыз;
2. Рок-опера жанры және оның көрнекті өкілдері туралы біле аламыз;
3. Мюзикл және рок-опералардан үзінділер тыңдаймыз;
4. С. Еркімбековтің «Нұрлы арман» әнін үйренеміз.
Мюзикл
Мюзикл (ағылшынша – мusical) – музыкалық театр сахнасының жанры. Бұл шығарма музыкалық, драмалық, хореографиялық және опералық өнерді біріктіреді. Мюзиклде диалогтар, әндер, музыка мен шоулар өзара шебер өріледі, хореография маңызды рөл атқарады.
Мюзикл жанры қойылым жағынан күрделі және қаражат тұрғысынан қымбат болып табылады. Көптеген Бродвей мюзиклдері өздерінің ерекше әсерлерімен (спецэффекты) танымал, олар көп жылдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, күнделікті қойылып келеді. Мюзикл құрылымдық жағынан көбінесе екі актілі спектакльге ұқсас. 1920–1930 жылдары Америка Құрама Штаттарында мюзикл жанрында еңбек еткен Джером Керн, ол Нью-Йорк қаласында еврейлер отбасында туылған. Джордж Гершвин, Коул Портер сынды композиторлар болды. Мюзиклдегі көптеген әндер музыкалық классикаға айналды. Әншілердің актерлік шеберлігі айтарлықтай өсті. Кейінірек, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, мюзиклдің мазмұны тереңдей түсті. Леонард Бернстайнның «Вестсайд тарихы» пайда болды («Westside story», 1957). Қойылым У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын негізге ала отырып, қазіргі Нью-Йоркте болған оқиғаны баяндайды. 1960 жылдардың соңында жаңа музыкалық стильдердің арқасында мюзикл жанрында жаңа түсініктер пайда болды. 1970-жылдары спектакльдер сан жағынан қысқарды, алайда жаңа мюзиклдердің декорациялары мен костюмдері керемет байлығымен таңғалдырды. Эндрю Ллойд Уэббердің «Эвита» («Эвита», 1978) атты мюзиклі терең мағыналы тақырыпқа құрылды, ол мюзиклдің даму жолын көрсетті.
Уэббердің тағы бір туындысы – «Мысықтар» («Кошки», 1981; Эллиоттың өлең топтамалары желісімен). Бұл мюзиклдің басты тақырыбы – «Естелік» деп аталатын Гризабелланың ариясы.
Эндрю Ллойд Уэббер – ағылшын композиторы. 13 мюзиклдің, 2 кинофильм музыкасының және реквиемнің авторы.
«Мэри Поппинс, до свидания» мюзиклінен «Тридцать три коровы» әнін тыңда. Музыкасын жазған – М.Дунаевский.
Эндрю Ллойд Уэббердің «Мысықтар» (1981) мюзиклінен Гризабелла «Memory» (ағылшынша – естелік) ариясының негізгі тақырыбын тыңда.Рок-опера
«Рок-опера» жанрының негізін салушы және терминді ойлап табушы гитарист, әнші және The Who Pit тобының көптеген әндерінің авторы Таунcенд болып саналады.
1971 жылы Бродвейде рок-операның премьерасы өтті. 1973, 2000 жылдары рок-опера экранға шығарылып, көптеген әлем тілдеріне аударылған. «Иисус Христос – Супержұлдыз» рок-операсы осы күнге дейін театрлар мен рок-музыка әуесқойлары арасында ғажайып танымалдыққа ие болып келеді. «Юнона и Авось» – КСРО-дағы алғашқы рок-опера. 1981 жылы режиссер Марк Захаровтың ұсынысымен жүзеге асқан болатын. Оқиға желісі ресейлік мемлекеттік қызметші Николай Резановтың Калифорнияға сапары және оның Сан-Франциско комендантының қызы Кончито Аргуэльомен кездесуі айналасында өрбиді. Музыка авторы –композитор Алексей Рыбников.
30 жылдан астам уақыт ішінде үлкен аншлагпен мыңға тарта қойылым сахналанды. Опера көптеген тілдерге аударылып, Польша, Венгрия, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея және Украина елдерінде қойылды.
Таңғажайып ұл, қыздар,
Қол ұстасып бәріміз ән шырқаймыз.
Асыл арман әлемнің,
Достық, бірлік бар елдің,
Болашақтың жолына.
Қайырмасы:
Күн шығады шапақ атып,
Жер гүлдейді бар әлемде, нұрлы елде...
Ты представь, все звезды в небе
Светят сказочным светом
Детям расцветая волшебной песней доброй мечты...
Мы возьмем наши руки
Вместе и войдем в этот сад чудесный,
И увидим сказочный мир!
Солнце взойдет, день к нам придет
Мир и добро в дом наш войдет и он расцветет!
Солнце взойдет, день к нам придет
Мир и добро в дом наш войдет и он расцветет!
Қайырмасы:
Күн шығады шапақ атып.
Жер гүлдейді бар әлемде, нұрлы елде...
Солнце взойдет, день к нам придет
Мир и добро в дом наш войдет и он расцветет!
Пікір жазу модулінде:
1. «Опера елестері», «Мысықтар», «Эвита» мюзиклдері туралы пікір жазыңыз.
2. Э.Л.Уэббер шығармашылығы туралы мәліметтер жинастырып, әңгіме, таныстырылым ретінде ақпараттарыңмен бөліс.
12-сабақ. ЗАМАНАУИ МУЗЫКАЛЫҚ ЖАНРЛАР (СТИЛЬДЕР)
Сабақта:
1. Музыканың заманауи стильдерімен (рок-н-ролл, рок-музыка, хип-хоп) және оның түрлерімен (электронды) танысамыз;
2. Әйгілі орындаушылар мен топтар туралы білеміз;
3. Заманауи стильде жазылған музыканы тыңдаймыз.
Дәстүрлі аспаптары – электр гитарасы, контрабас, ұрмалы аспаптар, фортепиано және саксофон. Рок-н-роллға 4/4 өлшемі тән. Рок-н-роллдың көрнекті өкілі – Элвис Пресли. Оны «рок-н-ролл патшасы» деп атайды. Оның шығармашылығы бүкіл әлем жастарына зор әсер етті.
1960 жылдардың басында рок-н-ролл твист музыкалық бағытының қалыптасуына негіз болды. 60-жылдары британдық The Beatles және The Rolling Stones топтары рок-н-роллға жаңа серпіліс әкелді. Содан кейін жалпы «рок» термині қолданыла бастады.
Рок-музыка (ағылшынша – rock music) – танымал музыканың бағыты. Рок-музыкада көптеген стильдік тармақтар бар. Рок-музыканы вокал, гитара (әдетте электрогитара), бас гитара, барабан және клавишті аспапта орындаушылардан тұратын рок-топ орындайды. Рок музыкасының ерекшелігі – өзгермейтін ырғақ. Электрлік гитара жетекші аспап болып табылады. Сондай-ақ көптеген рок-топтарда соло вокалист бар.
«The Beatles» тобының құрылған сәтінен бастап рок тарихының жаңа кезеңі басталды. «Битлз» әлемдік музыкада түбегейлі жаңа құбылыс ретінде із қалдырды. Әсіресе рок-музыкада олар ерекше музыкалық өнімділікті және түбегейлі жаңа имиджді (тек автор-орындаушы және топ емес, төрт жарқын тұлғалар) біріктірді. Бұл топтың әр мүшесі хит жазуға қабілетті болды. The Beatles-дің бүкіл әлемге әйгілі болуы сол уақытта «битломания» деп аталатын бұрын-соңды болмаған құбылысты тудырды.
Хип-хоп – 1974 жылы АҚШ-та афроамерикалық ортада пайда болған стиль. Жанрдың негізі екі элемент – рэп (нақты ұйқастырылған ырғақтық речитатив) және DJ ұсынған ырғақ (негізінен бас және синтезатор аспаптарында). Хип-хоп, жоғарыда аталған стильдер сияқты, көптеген жанрлық тармақтарға ие. Заманауи көпшілік музыкада осы стильдер өте танымал. Бұл – қазіргі кезеңдегі композиторлар мен музыканттар өз шығармаларын жазған кезде басшылыққа алатын негізгі ұстаным.
1. КСРО-дағы ең танымал твистер:
13-сабақ. ӘЛЕМДІК ДЖАЗ МУЗЫКАСЫ
1. Джаз музыкасымен танысамыз;
2. Джаз музыкасының бағыттарын білеміз;
3. Джаздың әйгілі орындаушыларын тыңдаймыз;
4. Қ. Кішібаевтың сөзіне жазылған Ә. Әбдінұровтың «Ұстазыма» әнін үйренеміз.
Джаз – кәсіби музыка өнерінің бір түрі. ХХ ғасырдың басында пайда болды. Джаз музыкасының түп негізі бірнеше ғасыр бойы құлдықта болған афроамерикалықтардың тұрмыс-салт билерімен, еңбек əндерімен, діни спиричуэлс әндерімен жəне блюздарымен астасып жатыр.
Джаз музыкасының негізгі элементтері – полиритмика, негізгі əуеннің (мотив) сан рет қайталануы, вокалдық ерекше мəнерлілігі, өрнектілік. Оның алғашқы орталығы – АҚШ-тағы Нью-Орлеан қаласы. Мұнда үрмелі аспапта орындаушылық өнердің өзгеше мəнері қалыптасты.
30-жылдары джаз орталығы Чикаго қаласына ауысты. Сол кезеңнің орындаушылары арасында Луи Армстронгты атап өту керек. Осы жылдары джаз музыкасында свинг стилі пайда болды. Шағын ансамбльдер кеңінен тарап, камералық джаз жанры дамыды.
1940 жылы би-боп атты джаздың жаңа стильдік тармағы пайда болды. Ол өте жылдам əуенімен, ұзақ импровизациясымен, күрделі ырғақпен анықталды. Осы уақыттың орындаушылары арасында Чарли Паркер жəне Диззи Гиллеспиді атауға болады. Көрнекті музыканттар джазда классикалық жəне қазіргі заман музыкасының элементтерін пайдалана отырып, халықтық негіз бен дəстүрдің байланысын сақтауға ұмтылды.
1. Луи Армстронгтың – «What A Wonderful World»; Чарли Паркердің (саксофон) – «Summertime»; Диззи Гиллеспидің (труба) – «Caravan» композицияларын салыстырып, сипаттама бер.
2. Мәтінді оқы.
3. Әнді мәнерлеп орындауға тырыс.
Әннің аудио, видео және жазба нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз.
14-сабақ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЖАЗ МУЗЫКАСЫ
1. Қазақстанның джаз музыкасы туралы білеміз;
2. «Бумеранг» джаз ансамблімен танысамыз;
4. Е. Құсайынов шығармашылығы туралы мағлұмат аламыз;
5. С. Қамаеваның сөзіне жазылған Д. Останковичтің «Чемпион болу – арманым» әнін үйренеміз.
Қазақстандық джаз музыканттары көпұлтты мемлекетіміздің өнерін ориентал-джаз стилінде дамытты. 70–80-жылдары Тахир Ибрагимовтың «Бумеранг» атты джаз ансамблі шығыстық джазды қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, әртүрлі одақтық және халықаралық фестивальдарға қатысты. 80-жылдардың соңында ол кеңестік джаз ансамбльдерінің үздік бестігінің қатарында болды. Тахир Ибрагимов қазақстандықтардан бірінші болып дүниежүзілік джаз қауымдастығының мүшесі атағына ие болды. Қазақстандық белгілі джаз музыканттары – Э. Саршаев, В. Баннов, Н. Байкөзов, Я. Хан, Е. Ынтықбаев, Ж. Саттарова, В. Хоменков болып табылады.
«Бумеранг» ансамблі 1976 құрылып, «Мелодия» дыбыс жазу жапсырмасында үш музыкалық пластинкасын шығарды: «Бумеранг» (1984), «Орнамент» (1985) және «Мираж» (1986).Ансамблдің алғашқы құрамы үштік болды: фонода Володя Назаров, Тахир Ибрагимов (Таха) және бас-гитарада Фархат Ибрагимов.
1977 жылы «Бумеранг» ансамблі осындай құраммен Ферғанадағы алғашқы Бүкілодақтық джаз фестиваліне барып қатысты. Осылайша ансамблдің фестивалдық өмірі 90-шы жылдарға дейін созылды. Содан кейін квартет пайда болды: Тахир Ибрагимов (Таха), бас-гитарада Фархат Ибрагимов, Гоги Метакса және Гарик Геллер кларнетте.
1. «Бумеранг» атты джаз ансамблінің орындауындағы «BOOMERANG JAZZ ENSEMBLE – ORNAMENT» (In Memory of Jazz Legend Tahir Ibragimov) композициясын тыңдаңыз;
Қазақ халқының көне аспаптарында, яғни жетігенде, сыбызғыда, саз-сырнайда, қамыс-сырнайда, қауырсын-сырнайда, шаңқобызда жеке орындаушы. Оның көмей өнері орындаушылық ерекшелігінде екі стиль қалыптасты – қарғыра (төменгі регистрде айтылады) және сығыт (жоғары регистрде айтылады). Ежелгі заманда көмей өнерін шамандар қолданған. Өз шығармашылығында Е. Құсайынов этно-джаз-рок- музыка стилінде жұмыс істейді. Бұл стиль ежелгі және қазіргі заманғы музыканың синтезі болып табылады.
- Музыканың аудио, видео нұсқаларын төмендегі спойлерге басып қараңыз.
Әнін жазған – Д. Останькович
Өлеңін жазған – С. Камаева
төмендегі спойлерге басып қараңыз.
15-сабақ. ЖОБАНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ
Сабақта:
1. Жобаның тақырыбын анықтау;
2. Жұмыс жоспарын құру;
3. Топ мүшелерімен міндеттерді бөлісу;
4. Ақпаратты іздеу;
5. Қорғауға дайындалу.
Тапсырма:
1. Бірнеше топқа бөлініп, өтілген тақырыптарға сай ұсынылатын жобаларды таңдаңдар: «Қазақ эстрадасы», «Заманауи музыка қайраткерлері», «Джаз музыкасы», «Мюзикл», «Рок-музыка».
а) Жобаның мақсатын анықтау;
ә) Тақырыбына сәйкес әртүрлі деректерден ақпарат іздеңдер;
б) Жұмыс жоспарын құрастырыңдар;
в) Топта жоба тақырыбын талқылаңдар.
2. Тоқсан бойы үйренген бір әнді джаз, рок стилінде интерпретация жасау.
3. Компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, жоғарыдағы тақырыптардың біріне музыкалық әрлеу жасалынған слайд-шоу жасау.
Үлгі:
Тақырыбы: «Қазақ эстрадасы» (1-нұсқа).
Мақсаты: қазақ эстрадасының қалыптасуы туралы мағлұмат жинау.
Міндеттері:
* қазақ эстрадасының көрнекті өкілдері туралы материалдар табу;
* нақты бір қайраткер туралы слайд-шоу дайындау;
* қазақ эстрадасы жанрлары туралы баяндама дайындау.
Жұмыс нәтижелері:
Баяндама, реферат, слайд-шоу, таныстырылым.
Жоба титулының үлгісін және оны жасаудың видео үлгісін төмендегі спойлерге басып қараңыз:
Дайындаған жобаңызды пікір жазу модуліне жүктеңіз.
16-сабақ. ЖОБА НӘТИЖЕЛЕРІН ҰСЫНУ
1. Өз жұмысымыздың нәтижелерін көрсетуді үйренеміз;
2. Өз жұмысымызды және сыныптастар жұмысын бағалаймыз;
3. Өз жұмысымызды жетілдіріп үйренеміз.
Топтық жұмыс нәтижелерін ұсыну.
1. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Баяндама, слайд-шоу, таныстырылымдарын басқа топтарға көрсетеді.
2. Әр топ джаз, рок стиліндегі интерпретациясын көрсетеді. Сәтті шыққан интерпретацияны барлығы орындайды.
3. Компьютерлік бағдарлама арқылы музыкалық әрленген слайд-шоу көрсетіледі. Топтар бірін-бірі бағалайды, бір-біріне жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстарын айтады.
ІІІ тоқсан
МУЗЫКА ЖӘНЕ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ
Танысасың:
• музыка және поэзия;
• музыка және бейнелеу өнері;
• музыка және театр;
• музыка және кино.
Музыкалық сауат:
• романс;
• саундтрек;
• анимациялық музыка;
• импрессионизм.
Терминдер мен ұғымдарды білесің:
силлабика
қара өлең
жыр
асинхронды сәйкестік















